Экономикалық талдау негіздері. Жанар Оралбаева. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Жанар Оралбаева
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Учебная литература
Год издания: 2014
isbn: 978-601-04-0521-9
Скачать книгу
ұйымның қаржылық жағдайы болып табылады.

      3. Экономикалық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету

      Экономикалық талдау нәтижелілігі оның ақпараттық қамтамасыз етілуіне тәуелді болады. Экономикалық талдау үшін қажетті мәліметтер былай бөлінеді:

      – нормативті-жоспарлы;

      – есептік;

      – есептік емес.

      Нормативті-жоспарлы сипаттағы ақпараттарға ұйымда жасалатын жоспарлардың барлық түрлері, яғни перспективті, ағымдық, жедел жоспарлар, сметалар және т.б. жатады.

      Есептік сипаттағы ақпараттар бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп пен есептілік құжаттарындағы барлық мәліметтерді қамтиды.

      Экономикалық талдауды ақпараттық қамтамасыз етудегі маңызды рөлді бухгалтерлік есеп пен епсетілік алады. Онда барлық шаруашылық құбылыстары, процестері және олардың нәтижелері көрініс табады. Алғашқы және жиынтық есептік регистрлер мен есептіліктердегі мәліметтерге дер кезінде жасалған талдау жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.

      Сандық сипаттағы статистикалық есеп мәліметтері экономикалық заңдылықтардың өзара байланыстарын терең зерттеу үшін пайдаланылады.

      Оперативтік есеп статистикалық және бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырғанда экономикалық талдау неғұрлым жедел мәліметтермен қамтамасыз етеді, мысалы, өндірілген және сатылған өнімдердің саны және т.б.

      Есептік емес ақпарат көздеріне ұйымның шаруашылық қызметін реттейтін келесідей құжаттар жатады:

      1. Ұйым өз қызметіне де пайдалануға міндетті ресми құжаттар: заңдар, үкімдер, жарлықтар, жоғары басқару органдарының бұйрықтары, тексеру актілері.

      2. Шаруашылық құқықтық құжаттар: келісімшарттар, келісімдер, сот органдарының шешімдері.

      3. Ғылыми-техникалық ақпараттар (ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелелері бойынша есептер).

      4. Ұйымның негізгі контрагенттері туралы ақпараттар (жеткізушілер мен сатып алушылары).

      5. Ұйымның негізгі бәсекелестері туралы әртүрлі көздерден алынған мәліметтер (интернет, телевизор, газет, радио және т.б.).

      Зерттеу объектісіне байланысты ақпараттар:

      1. Ішкі ақпараттар.

      2. Сыртқы ақпараттар болып бөлінеді.

      Ішкі ақпараттар жүйесіне статистикалық, бухгалтерлік, оперативтік есеп және есептілік мәліметтер, ұйымда жасалған жоспарлық және нормативтік мәліметтер жатады.

      Сыртқы ақпараттар жүйесіне статистикалық жинақтардың, баспасөз материалдарының, ресми құжаттардың мәліметтері жатады.

      Экономикалық талдауды ақпараттық қамтамасыз етуге бірқатар талаптар қойылады:

      1. Шынайылығы, яғни зерттеліп отырған құбылыстар мен процестер туралы объективті түрдегі көрсеткіштер керек. Себебі жүргізілген экономикалық талдау нәтижесі бойынша белгілі бір басқару шешімдері қабылданады.

      2. Ақпараттардың оперативтілігі, яғни бұл жүргізілген шаруашылық процестері туралы ақпараттар неғұрлым тез түскен сайын талдау