Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Өтеғали Шеденов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2014
isbn: 978-601-04-0673-5
Скачать книгу
өнім өндірісінің теңгерімді деңгейіне, ол тұрғындар жинақтарына инвестицияларды қосқандағы көлеміне тең болған жағдайда, қол жеткізіледі. Яғни, тең салмақты өндіріс болуы үшін инвестициялар мен жинақтардың теңгерімділігі керек. Яғни, тұрақты, қауіпсіз экономика үшін жинақтар мен инвестициялардың қатынасының шекті мәнін 1-ге тең деп алу қажет. Осы авторлардың көзқарастары бойыша бұл шекті мән 1-ден көп болуы да мүмкін, бұл кезде ТАӨ деңгейі тұрақты болуы үшін тым жоғары болады [27].

      Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті анықтауда маңызды мәнге өндіріс тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігінің индикаторлары ие, әсіресе әлемдік көрсеткіштермен салыстырғанда. Қазіргі уақытта ешқандай, тіпті ең ірі және ресурстық қамсыздандырылған экономикалық жүйе де жаһандық шаруашылыққа араласпай тиімді дами алмайды; олардан алшақ болу анағұрлым ілгерілемелі ғылыми сиымды ғылымдардағы артта алушылыққа, сөйтіп – әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің төмендеуінен әкеледі. Ресей экономисті Н.Д. Елецкий көрсеткендей, мұнай-газ «инесінен» тәуелділік жағдайында және ішкі нарықты импорт есебінен дайын тауарлармен толықтыру шарттарында тұрақты экономикалық даму және экономикалық қауіпсіздіктің болашағы туралы айтуға болмайды. Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік ахуалын бағалау кезінде ұлттық-мемлекеттік экономикалық жүйе қонақтайтын әлемдік экономика баспалдағын анықтау шешуші маңызға ие. Егер әлемдік «хай-тек» нарығындағы АҚШ үлесі 36 %, Германия – 16 %, Қытай – 6 % болса, онда Ресей үлесі – 2%дан көп емес, бұл қазіргі уақытта ғылыми-техникалық ілгерілеу бағытын анықтайтын мемлекеттерден біздің елдің тәуелділігін көрсетеді. Осы контекстте ол инновациялық кәсіпорындардың олардың жалпы санындағы үлесі және инновациялық өнімнің жалпы өнім көлеміндегі үлесі сияқты көрсеткіштерді де бағалауды ұсынады. Ресейде инновациялық кәсіпорындардың саны, түрлі бағалар бойынша, 9-11 % аралығында, Ұлыбританияда – 39 %, Францияда – 46 %, Германияда – 66 %, Ирландияда – 75 %, АҚШ пен Жапонияда – 70-80 % аралығында [28].

      Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік тұрғындардың қорғалу ахуалымен сипатталады, ол жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейінің болмауымен, тұлғаның деградацияланбауымен, әлеуметтік жанжалдардың болмауымен, қоғамдағы әлеуметтік шиеленістердің төмен деңгейімен, білім беру стандарттарының, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылымның қол жетімділігімен, тамақтану және өмір сүру сапасының жақсартумен сипатталады. Мемлекеттің әлеуметтік әл-ауқатын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі өмір сүру ұзақтығы болып табылады. Көрсеткіш тұрғындардың денсаулық сақтау, қоршаған орта, ұлт генофоны жағынан өмір сүру деңгейін көрсетеді. Берілген көрсеткіштің шекті мәндерін анықтауда дамыған елдердің көрсеткіштеріне сүйену қажет. Шетелде орташа өмір сүру ұзақтығы 69-70 жасты құрайды, бұл шама ер азаматтар үшін де, әйел азаматтар үшін де бірдей. АҚШ пен Ұлыбританияда орташа өмір сүру ұзақтығы – 75 жас, Швецияда – 78 жас, Жапонияда – 79 жас. Орташа өмір