Әуе компаниялары автоматтандырылған жүйелерді билеттер бағасын, ұшу кестесін, жұмыс графигін оңтайландыру мақсатында қолданады. GE Energy Rentals менеджерлерге тәуекелді бағалауға және несие беру туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін сатып алушылар туралы қаржылық және ұйымдастырушылық ақпаратты жинау жүйесін пайдаланады. Бұл жүйені қолдану арқылы GЕ бөлімі тапсырыстарды өңдеу уақытын қысқартып, шығындарды азайтып, қаржы ағымын оңтайлады. Бөлшектік сауда саттық саласында компьютерлік бағдарламалар бұрынғы және қазіргі сауда көлемін сараптап, Hote Deport және Оар сияқты компанияларға бағаларды қайда және қаншаға түсіру керектігі туралы шешімдерді қабылдауға көмектеседі.
Компьютерлерді пайдалануды шарт қылатын шешімдерді қабылдаудың сандық әдістерінің дамуы классикалық әдістің қолданыс шеңберін кеңейтті. Сандық әдістер шешімдер ағашын құрудан, төлемдік матрицадан, шығынсыздық нүктелер сараптамасы, сызықтық бағдарламалау, болжау және операцияларды зерттеу үлгісінен тұрады. NВС теледидарлық жүйесі компьютерлік жүйелерді жарнаманы шығарудың ұтымдылықты кестесін құру үшін пайдаланады.
NВС компаниясы. Телекөрермендер ^ВС каналын, ең алдымен, жаңалықтар мен ойын сауық бағдарламаларымен байланыстырады. Бірақ NВС дің менеджерлері үшін ең басты мәселелердің бірі жарнама кестесін оңтайландыру болып табылады.
Жыл сайын менеджерлер жарнама берушілердің бағаға, мақсаттық аудиторияға, бағдарламалар жинағына, тағы басқа факторларға көзқарасымен үйлесімді болатын толық жоспар және жарнамалар кестесін құрастыру керек. Сонымен қатар, бұл кесте қолда бар ресурстардан (жарнамалық үзілістерден) максималды табыс алуды қамтамасыз ету керек.
Жарнаманың графигін және жоспарын құру менеджменттің шектеулері, клиенттердің талаптары, эфир уақытының шектеуліктері, қарама қайшылыққа түсетін өнімдерді қолданумен байланысты шектеуліктер тұрғысынан күрделі мәсел болып табылады. NВС кеңселері жарнамалық үзілістерді тиімді және жылдам толтыруға мүмкіндік беретін варианттарды табатын компьютерленген жүйені қолданады.
Жарнама беруші тапсырыс берген кезде, жоспарлаушы барлық ақпаратты жүйеге енгізеді. Ол:
• Тапсырыс берушінің жарнамалық роликтердің жалпы пакеті үшін төлеуге дайын қаржы көлемі;
• Тапсырыс беруші қамтитын аудиторияның саны туралы;
• Мақсаттық аудиторияның демографиялық мінездемесі туралы;
• Жарнамалық бюджетті квартал бойынша бөлу туралы;
• Бір жыл мерзімі ішіндегі жарнаманы көрсетудің жоспарланған апталары туралы;
• Тапсырыс берушінің қызығушылығын тудыратын бағдарламалар туралы, т.б басқа ақпарат.
Менеджерлер бағдарламаларды жыл апталарына олардың маңыздылығы бойынша бөледі, және бұл ақпарат та жүйеге әр апта ішінде