Ұсынылған жұмыстың логикалық тізбегі аталған пән бойынша толық оқу курсын сипаттайтын бірнеше бөлімдерді қамтиды. Автор төмендегі бөлімдерді қамтыған: «модель және модельдеу деген не?»; «модель және модельдеу түсінігі»; «модельдеудегі менеджменттің функциялары»; «басқару модельдері және модельдеу»; «менеджмент жүйесіндегі модельдер және оларды қолдану аясы»; «менеджмент жүйесінде қолданылатын тапсырмалар»; «қайталауға және талқылауға арналған сұрақтар».
Жұмыстың теориялық бөлімінде оқу құралында берілген тақырыпты оқып-үйрену барысында неғұрлым жиі қолданылатын базалық түсініктер беріледі, мысалы «модель», «модельдеу», «модельдеудегі менеджменттің функциялары» және т.б.
Олай болса, талқылаулар сериясынан кейін күрделі атауына, алғаш қарағандағы «математикалық» бейнесіне қарамастан оқу курсын ары қарай түсіну мүмкін болады, нәтижесінде шындықты және менеджменттегі түрлі жағдайларды бейнелеуге болады.
Оқу құралының тәжірибелік бөлімінде «модельдеу» үрдісін қамтитын және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін оларды қолдану қажеттілігін дәлелдейтін жағдайлар ұсынылған.
Оқу құралы «қаруланған» саяси, экономикалық белгілеулер мен тапсырмалар, критерилерге байланысты модельдер бірбірінен айрықшаланады, неғүрлым түпнұсқаға сәйкс келеді және автордың көзқарасын білдіреді.
Қай модельдің озық екендігі оны нақты қолданыстағы түпнұсқамен салыстыру арқылы, оның қаншалықты дұрыс бейнелейтіндігі мен болып жатқан құбылыстарды шынайы түсіндіретіндігі, басқарылатын объектіге қаншалықты тиімді ықпал етуге мүмкіндік беретіндігімен айқындалады.
Сонымен қатар, жинақталған тәжірибеге, интуицияға, ғылыми білімге, даму тенденциялары мен заңдылықтарына сүйене отырып, жұмыста зерттелетін объект болашақта қандай күйде болатындығына, қандай жаңа басқару моделін құру қажеттілігіне және бұл модельді менеджмент жүйесіне бейімдеуге болатындығына қатысты болжам жасалынған.
Олай болса, модельдеу – бүгінгі күні болашақ нұсқаларды көрудің және объективті түрде салыстыруға мүмкіндік беретін баламалы шешімдердің әлеуетті салдарларын анықтаудың жүйеленген тәсілі.
Дэвид В. Херц көрсеткендей, басшы өзінің ресурстарын бөлуде, өзі үшін және басқалар үшін іс-әрекеттердің тізбегін белгілеуде, жаңа адамдар мен материалдық ресурстарды тартуда қолда бар баламалардың ең озығын таңдауы тиіс. Бұған қол жеткізу үшін басшы қысқа және ұзақ мерзімде шешімдердің салдары байқалатын ортаның тұрақтылығы мен ерекшелігінің кейбір сипаттамаларына сенуі тиіс.
Оқу құралында модельдеу жүйесіне қосылған түрлі модельдерді қолдану арқылы кәсіпкерлік менеджменттегі құралдар баяндалған. Талдау үшін берілген жағдайлар көп жағдайда түрлі тәсілдер мен құралдарды қолдануды талап ететіндіктен, басқарудағы модельдеудің бұл жүйесі әділетті түрде көпфункционалды болып есептеледі.
Оқу құралының авторы сын-пікір беруге белсенді түрде қатынасқан және аталған жұмысты жақсартуға мүмкіндік берген құнды кеңестер мен ұсыныстар жасаған тұлғаларға алғыс білдіреді. Қазақстанның ЖОО-ның магистранттарына арналған оқу құралын ашық жарияланымға шығаруға көмектескен барлық тұлғаларға ерекше алғыс білдіргім келеді.
1. Үлгі және үлгілеу дегеніміз не: мазмұны, мақсаттары мен мүдделері
1.1 Үлгі және үлгілеу ұғымдары
Басқару ілімінде қолданысын табатын үлгілер компьютордың көмегінсіз қарастырылуға жатпайтындай күрделі болғанына қарамастан, үлгілеу концепциясы өздігінен қарапайым болып табылады. Шеннон анықтағандай: «Үлгі – бұл белгілі бір нысанда объектіні, жүйені, идеяны көрсету».
«Үлгі» деген ұғым белгілі бір бұйым немесе конструкцияны көптеп шығаруға арналған эталонды, нұсқа үлгіні білдіреді және ғылыми, өндірістік және басқа мақсатта үлгіленген құрылғының әрекетін немесе құрылымын қайталайтын құрал болып табылады. Сөздің кең мағынасында «үлгі» ұғымы – бұл үлгілеуді іске асырып отырған тұлға үшін түпнұсқа болып табылатын заттың, объектінің, процестің немесе құбылыстың аналогы (сурет, сипаттама, схема, жоспар, т.б.).
Үлгі – бұл, біріншіден, үлгілеудің нәтижесі, яғни, үлгілеу объектісі (оригинал) мен субъектісі (үлгілеуді іске асырушы) «қатысатын» процестің нәтижесі. Бұл жағдайда басқарушылық та, экономикалық та үлгілер қарастырылады. Автор (үлгіні құрушы) ұстанатын критерийлерге, мақсаттары мен мүдделеріне байланысты үлгілер бірінен-бірі өзгеше, түпнұсқаға ұқсас немесе ұқсамайтын, авторлық көзқарасты анықтайтын болуы мүмкін. Кімнің үлгісі үздік болатынын, үлгіні түпнұсқамен салыстыру жолымен және үлгінің осы кезде көрініс табатын құбылыстарды қалайша нақты және дұрыс сипаттайтынына, басқарылатын объектіге тиімді әсер ету мақсатына жету жетпеуіне байланысты айқындалады.
Кейде түпнұсқа нақты өмірде емес, автордың қиялында ғана болады. Мұндай жағдайда, жинақталған тәжірибеге, түйсікке, ғылыми білімге, тенденцияларға және даму заңдылықтарына сүйеніп, қиялдағы объект