• Ауданаралық.
• Салалық.
• Салааралық.
II. Шығындарына байланысты:
• Жай.
• Күрделі.
III. Мемлекеттік маңыздылығына байланысты:
• Халықаралық (үкіметаралық).
• Ұлттық (мемлекеттік).
IV. Уақыт критерийлері бойынша:
• Қысқа мерзімді.
• Орта мерзімді.
• Ұзақ мерзімді.
V. Қатысу дәрежесіне байланысты:
• Ұжымдық (бірнеше қатысушысы бар).
• Жеке (бір қатысушысы бар).
Әр инвестициялық жоба пайда болуы кезінен бастап аяқталуына дейін нақтылы бір кезеңдерден өтеді, бұл жобаның өмірлік циклі (ЖӨЦ) деп аталады. Жобаның өмірлік циклінің кезеңдерін менеджер төменде келтірілген тәртіпте орналастырады:
1) идеяның, ойдың пайда болуы;
2) мәселенің сараптамасы (мақсаттар, талаптар, міндеттер);
3) тұжырымдаманы құру (альтернативті тұжырымдамаларды таңдау);
4) толық жете зерттеу (сараптау, сызбалар, толық жете жоспарлау);
5) жобаны іске асыру (іс қағаздар мен құжаттар, сынақтар, қабылдау);
6) қолдану (енгізу, техникалық қызмет көрсету, қолдану);
7) жою (демонтаж, жою, сату, әрі қарай жетілдіруге тапсырыс беру, т.б.).
Басқа да жіктелу белгілері бойынша ЖӨЦ-ті төмендегі сатыларға бөледі:
1) инвестициялау алдындағы кезең немесе инвестициялау алдындағы зерттеулер сатысы;
2) инвестициялау немесе жобаны инвестициялау сатысы;
3) қолдану сатысы;
4) инвестициялаудан кейінгі немесе нәтижелерді бағалау сатысы (2-кестені қараңыз).
2- кесте
Жобаның өмірлік циклінің кезеңдері
Практикалық тапсырмалар:
1. Осы тақырып бойынша өткен материалдарды қайталап, төмендегі анықтамаларға сәйкес келетін терминдерді 3-кестеге толтырыңыз.
3- кесте
Жобаларды басқару анықтамалары бойынша терминдерді анықтау тапсырмасы
2. Келесі жобалар үшін миссия анықтаңыз:
– мұнай құбырының құрылысы;
– тұрғын үйдің құрылысы;
– кәсіпорынды қайта құрудың жобасы;
– білім беру реформасы.
3. Жобалар тізімін құрастырып, оларды негізгі жіктелу сипаттары бойынша бөліңіз.
4. Төмендегі жағдайды сараптаңыз.
Транскаспий газқұбыры – экспорттық нарыққа жаңа маршрут.
Теңізге ашық жолы болмау Түрікменстан үшін үлкен қиындық, себебі газды шетелдерге экспортқа жібере алмайды. Транскаспий газқұбыры (ТСGР) Әзірбайжан арқылы Түркия мен Батысқа ашық жол ұсынады, бүгінгі таңда бұл аумақтан экспорт тек Ресей мен Иран арқылы ғана мүмкін болып тұр.
Транскаспий газқұбыры жобасының мақсаты – Каспий аумағында газды тасымалдаудың жаңа жүйесін құру. Бұл газқұбыры Каспий газын Түркия мен Батысқа экспорттау үшін көптеген маршруттардың бір элементі болады. Жобаға қатысушы төрт мемлекеттің президенттері (Грузия, Әзірбайжан, Түрікменстан, Түркия) жобаны қолдау Декларациясына қол қойды. АҚШ Үкіметі де қолдау көрсетуде.