Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: А. Турлыбекова
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Учебная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-0713-8
Скачать книгу
дамуына қарай өз рөлі болады. Осыған сәйкес бағалы қағаздың жаңа түрлері пайда болады.

      2. Бағалы қағаз айналымының мерзімі. Әрбір бағалы қағаздың өзінің айналымға шығару мерзімі, шарты болады. Бағалы қағаздың мерзімі эмитенттің қызмет ету мерзімімен тікелей байланысты. Эмитенттің қызмет ету мерзімімен байланысты бағалы қағаздарға акцияның барлық түрлері жатады.

      Нақты бағалы қағаздың мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бағалы қағазды шығарған кәсіпорын таратылған жағдайда капитал өзінің соңғы иесіне қайтарылады. Қайтарылатын капиталдың көлемі, бағалы қағазды шығару барысында алдын ала қарастырылады немесе қалдық құны бойынша анықталады.

      Бағалы қағаздың иесі немесе өзінің капиталын оның титулына айырбастаған тұлға болады. Меншік құқығын беру тұрғысынан бағалы қағаз атаулы, мәлімдеуші және ордерлі болады.

      Бағалы қағаз бойынша құқықтарды беру ерекшеліктері мынада:

      1. ұсынушыға бағалы қағазбен куәландыратын құқықты басқа адамға беру үшін бағалы қағазды сол адамға тапсыру жеткілікті;

      2. атаулы бағалы қағаз бойынша құқықтарды басқа адамға берген кезде берілетін қағаз жойылады, ал оның жаңа иесіне басқа бағалы қағаз беріледі;

      3. ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтар – индоссамент арқылы беріледі. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқық беруші адам (индоссант) оның жүзеге асырылуы үшін де жауапты болады.

      Атаулы бағалы қағазға қарағанда мәлімдеуші бағалы қағаздың артықшылығы мынада: бұл бағалы қағаздың айналымы және есеп айырысу жылдамдығы өте жоғары; капиталға деген құқық бір тұлғадан екінші бір тұлғаға бағалы қағазды беру арқылы өтеді.

      Бағалы қағаз бойынша міндеті бар тұлғалар – эмитенттер болып табылады.

      Эмитент өзінің міндеті бойынша бағалы қағаз иелерінің алдында жауап береді.

      Бағалы қағаздың номиналы – бұл бағалы қағазды эмиссиялау барысында нақты бағалы қағазға бекітілетін ақшалай соманы білдіреді. Бағалы қағаздың номиналдық құны негізінде заңды тұлғаның капиталымен байланысты әртүрлі көрсеткіштер, сондай-ақ бағалы қағазға есептелетін табыс бекітіледі. Есептелетін табыстың екі нысаны бар: акция бойынша дивиденд нысанындағы табыс және басқа да бағалы қағаз түрлері бойынша пайыз нысанындағы табыс.

      Бағалы қағаз бойынша берілетін құқықтар:

      • пайда (табыс) алу құқығы;

      • номиналдың қайтарылу құқығы;

      • айналым құқығы, яғни бағалы қағаздың нақты түрлеріне байланысты құқықтың бір тұлғадан екінші бір тұлғаға өту құқығы;

      • кәсіпорынды басқару құқығы;

      • дауыс беру құқығы;

      • иесінің қандай да бір жеңілдіктерге құқығының болуы және т.б.

      1.3 Бағалы қағаздың жіктелуі

      Бағалы қағаздар өзіне тән белгілеріне қарай жіктеледі. Бағалы қағаздың мәнін сипаттайтын көрсеткіштер мыналар болып табылады:

      1. бағалы қағаздың айналым мерзімі;

      2. бағалы қағаздың шығарылу нысаны;

      3. бағалы қағазды пайдалану мақсаты;

      4. бағалы қағаздың ұлттық сипаты;

      5. меншік