Банктік тəуекелдер жəне оны басқару. Нұргүл Керімбекова. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Нұргүл Керімбекова
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Банковское дело
Год издания: 2013
isbn: 978-601-04-0018-4
Скачать книгу
сипаттама беріңіз.

      5. Банк тәуекелдерін бағалау әдістеріне сипаттама беріңіз.

      2-тарау

      НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ

      2.1. Несиелік тәуекел мәні және оның классификациясы

      Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне алып келеді. Несиелік тәуекелді минимизациялау – несиелік мекемелер қызметін басқарудағы басты міндет.

      Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын келісімге сәйкес өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды. Несиелік тәуекелге кеңірек түсінік беретін болсақ, дебитордың, контрагенттің, бағалы қағаз эмитенттерінің қаржылық жағдайының нашарлауымен байланысты тәуекел деп түсіндіріледі. Банкке төленетін несие төлемдерінің уақытша тоқтауы немесе мүлдем төленбеуі банктің ақша қаражаттарының қозғалысына және банк өтімділігіне жағымсыз әсерін тигізеді. Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Қаржы сферасындағы инновацияларға қарамастан несие бойынша проблемалар әлі де болса бірінші орында тұр. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруға тиіс. Несиелік тәуекелді басқару қабілеті көп жағдайда банк басшылығы мен қызметкерлерінің біліктілік деңгейіне байланысты.

      Жалпы несиелік тәуекел классификациясы келесідей:

      1. Факторлардың әрекет ету саласына қарай:

      – ішкі несиелік тәуекелдер;

      – сыртқы несиелік тәуекелдер.

      2. Факторлардың банк қызметіне байланысына қарай:

      – банк қызметіне байланысты несиелік тәуекелдер;

      – банк қызметіне байланыссыз несиелік тәуекелдер.

      3. Банк қызметіне әкелетін зияндылық дәрежесіне қарай:

      – тікелей несиелік тәуекел;

      – жанама несиелік тәуекел.

      4. Несиелік операциялардың есеп алыну сипатына қарай:

      – баланстық несиелік тәуекелдер;

      – баланстан тыс несиелік тәуекелдер.

      5. Пайда болу ауқымына қарай:

      – іргетастық несиелік тәуекелдер, яғни активті және пассивті басқарумен айналысатын о енеджерлердің қабылдайтын шешімдеріне байланысты.

      – коммерциялық несиелік тәуекелдер, яғни банк клиенттерін несиелеу саясатына байланысты.

      – жекеше несиелік тәуекелдер, яғни несиелік өнім, қызмет, операцияларға, қарыз алушыларға немесе өзге де контрагенттерге байланысты.

      6. Басқару сипатына қарай:

      – тікелей несиелік тәуекел, яғни қарыз алушыға қатысты несиелік тәуекел;

      – қоржындық несиелік тәуекел, яғни несиелік қоржынның сапасына байланысты.

      Несиелік тәуекел келесі себептерге байланысты туындайды:

      – қарызгердің жауапкершілігі негізінде;

      – қарызгердің өз кінәсінен емес адекватты ақша ағынын жасау қабілетсіздігі;

      – банк басшылығы тарапынан есептің дұрыс жүргізілмеуі, іскерлік және экономикалық