Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Бақыт Бөжеева
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1713-7
Скачать книгу
Соломон Пасси келді.

      6 сәуір. Мәскеуде Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті.

      22 сәуір. Алматыға Қырғыз Республикасы Президентінің, премьер-министрінің міндетін атқарушы Қ. Бакиев жұмыс сапарымен келді. Оны елбасы Н.Ә. Назарбаев қабылдады.

      23 сәуір. Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев қатысты.

      26-28 сәуір. Шанхайда БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының 60-сессиясы өтті. Оған ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев қатысты.

      18-19 мамыр. Қазақстанға ресми сапармен Беларусь Республикасының Президенті А. Лукашенко келді.

      19 мамыр. Таиландқа жұмыс сапары барысында ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев Таиланд корольдігінің премьер-министрі Таксин Шинаватрамен кездесті.

      24 мамыр. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Әзірбайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Бірқатар құжаттарға, соның ішінде Стратегиялық серіктестік және одақтас қатынастар туралы келісімге қол қойылды.

      26-27 мамыр. Қазақстанға ресми сапармен Түркия премьер-министрі Р. Эрдоган келді.

      30-31 мамыр. Қазақстанға ресми сапармен Украина Президенті В. Ющенко келді.

      6 маусым. Мемлекет басшысы Қазақстанға жеке сапармен келген Әбу-Даби Тақ мұрагері шейх Мухаммед бен Заид Әл-Нахаянды қабылдады.

      21 маусым. Мәскеуде ҚР Президентінің қатысуымен ЕурАзЭҚ қатысушы мемлекеттер басшыларының мемлекетаралық кеңесінің отырысы өтті.

      3 шілде. Қазақстанға ресми сапармен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао келді. Қонақты мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев қабылдады.

      5 шілде. Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің 10-отырысы өтті. Отырыс барысында Пәкістанға, Иранға және Үндістанға ШЫҰ жанындағы бақылаушы мәртебесі берілді.

      27 қыркүйек. Душанбеде «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымына қатысушы мемлекеттер премьер-министрлері кеңесінің бірінші отырысы өтті.

      2-4 қазан. ҚР Президенті Грузияға ресми сапармен келді. Сапар барысында ол Грузия Президенті М. Саакашвилимен және Грузия Парламенті төрайымы Н. Бурджанадземен кездесті.

      6 қазан. Санкт-Петербургте «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымына қатысушы мемлекеттер басшыларының саммитінде бұл ұйымның ЕурАзЭҚ-мен бірігуі туралы шешім қабылданды. Іс-шараға ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев қатысты.

      13 қазан. Астанаға Қырғыз Республикасының премьер-министрі Ф. Кулов жұмыс сапарымен келді. Ол ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевпен, премьер-министрі Д. Ахметовпен, Парламент Сенатының төрағасы Н. Әбіқаевпен кездесті.

      17-18 қараша. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Украинаға ресми сапармен аттанды. Сапар барысында ол Украина Президенті В. Ющенкомен кездесті.

      2-4 желтоқсан. Қазақстан және Ресей Президенттері Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы шартты бекітуге сәйкес заңдарға