Туристерге арналған аудиогид. Басқа қалаға келген туристер аудиогид құрылғыны пайдалана алады. Аудиогид круиздік саяхаттарда, автобустық серуендерде қолданылады. Бұл жабдықты жолға алып, турист көптеген мәліметтерді ала алады. А. – ті 2 түрлі жолмен таңдауға болады: алдын ала таңдап алынған маршруттік саяхат; арнайы компаниядағы экскурсияларын жеке таңдау. Саяхаттың маршрутын біле салысымен, турист компаниядан аудиогид құрылғысына тапсырыс жасайды. Құрылғы пішіні үлкен емес. Саяхаттаушы оны кез келген уақытта қоса алады. А. – терді әр түрлі тақырыптарға сай таңдауға болады. Мысалы, көркемдік музейлер мен сарайлар, қалалар мен сәулет ескерткіштері. Құрастырушылар әр объект пен экспонат үшін экскурсия картасын, аудиофайлын құрайды.
АУКЦИОН (лат., auctio, auctionis – көпшілік сауда арқылы сату) – адамның әлеуметтік-мәдени қызметінде маңызды орын алатын затты, өнер туындысы, антиквариаттар, раритеттерді көпшілік сатылымына шығарудың бір жолы, шетелдік музеологияда музей қорын, жеке коллекция қорын антикварианттармен, өнер мұраларымен, мемориалдық заттармен, тарихи-мәдени маңызы бар құжаттармен, т.б. толықтырудың бір бағыты. А. – ды ұйымдастырушы мекемелелер, заттың құндылығына алдын-ала сараптау жасайды. А. – ның өткізілуі алдын-ала ұйымдастырылған бұйымдар көрмесінен кейін қарастырылады. Көп ақша ұсынған адам сатып алушы болады.
Сауда формасы ретінде өнер туындыларының аукиондары антикалық уақытта пайда болған, белсенді түрде 18 ғ-да еуропалық көркемдік өнер нарығымен бірге пайда болды. 18 ғ. – дың екінші жартысында Еуропаның ең ірі орталықтарының бірінде аукционды үйлер пайда болды, қазірде жұмыс істеп отырған Sotheb`s (Лондон 1744 ж.), Christie`s (1766 ж.) А. – дарын атауға болады.
Ресейде алғашқы көркемдік аукциондар 1760 жылдардың аяқ жағында Петербургте өткен. 20 ғ. – да Петербургте А. – ды үйлердің саны артты. 1990 жылдардың басында Ресейде А. – ның қызметі арта бастады. Антиквариат ретінде қарастырылатын А-дар Мәскеуде жиі өткізіліп тұрды. А. – дық сауданың көшбасшылары «Альфа-Арт» және «Гелос» аукционды үйлері болып табылды. А. – дар Ресейдің барлық қалаларында жиі өткізіліп отырды. Барлық елдің музейлері