Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар). Амангелді Әліпбаев. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: История
Год издания: 2016
isbn: 9965-791-81-3
Скачать книгу
мүддесінің қиылысуына әкеліп, тарихта белгілі бірінші дүниежүзілік соғыс өртінің тұтануына себепші болды. Яғни, француз-герман қарама-қайшылығы бүкіл әлемдік қақтығыстардың қозғаушы күшіне айналғандай. Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі болған Версаль бітім шарты жеңген мемлекеттердің, оның ішінде Францияның мүддесін көздеген бітім шарт ретінде екі бақталас ел арасындағы соғысты толық бітімге келтіргеннің орнына, қайта жер бетінде жаңа соғыс өртін тудыратын шоқ тәріздес болғандығы.

      Соғыс аралық жылдардың өзінде екі мемлекет бірін-бірі алдаумен, сәті түссе бір-біріне қарсы үшінші мемлекетті айдап салу күйінде болғандығы, ең ақыры бүкіл әлемді қамтыған екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына әкелген болатын.

      3. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі батысеуропалық саяси үрдістің француз-герман қатынастарына ықпалы

      Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін біртұтас неміс ұлты тек жер жағынан ғана емес, сондай-ақ идеологиялық нышаны жағынан да екіге бөлініп қалды. Фашизм жеңіліс тапқаннан кейін неміс жері басып алынған төрт аймақ болып құрылуы, негізінде бұларды екіге бөлінуіне әкелгені белгілі. Батыс пен Шығыс арасындағы “ұлы қарсыластық” кезеңі басталып, ендігі жерде әңгіме олардың ықпал ету аймағы жөнінде, дәлірек айтсақ оның шекарасы жөнінде болды.

      Үш батыс мемлекеттері және Кеңес одағының мүдделері неміс жерінде түйісіп жатты. Әр ел жеңілген мемлекетте өзіне тиімді саяси жүйені орнатуға ұмтылды. Сол себепті де осы жерде Батыс пен Шығыс арасында қорқыныш пен жаулыққа негізделген сенімсіздік нығая түсті. Әр жақ екінші жағына өз ойын-тәртібін жүктеуге ұмтылды. Ең соңында тиімсіз жағдайда неміс халқы қалды. Тарихтың қатаң тағдыр тәлкегіне кез келген неміс ұлты, бір аумақта екі қарама-қайшы жүйедегі мемлекеттер орнатып, өмір сүрулеріне тап болды. Халықаралық қатынастар тарихы бетінде тағы да “герман мәселесі” көрініс тапты.

      “Герман мәселесі” – бұл еуропалық тарихтың соңғы екі ғасыр бойы созылып келе жатқан бөлінбес бір рәсімі іспеттес. “Герман мәселесіне” байланысты еуропалық күштердің ауысуы ХХ ғасырдың өзінде бірнеше рет, яғни ғасырдың басында, сонан соң бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардан кейін өріс алды. Сонау Бисмарктың тұсынан бастап “герман мәселесі” – қарулану мен соғыстарға байланысты болды. Әрине, Бисмарктың тұсындағы Германияның бір тұтас мемлекет болып бірігуінің өзі қан мен қылыштың жолымен іске асқандығын білеміз. Бисмарк өмірінің соңғы кезінде осыған байланысты ешқандай мақтанышсыз өзінің мойнында Герман империясының бірлестігінің негізін қанмен бекіткен сексен мың адам өмірін әкеткен үш соғыс жатқанын айтқан еді. Енді міне, “герман мәселесін” ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында ғана бейбіт жолмен шешу мүмкіндігі туды.

      Халықаралық қатынастар жүйесінің өткен тарихына шолу жасай отырып, кей жағдайда осы екі мемлекеттің еуропадағы үстемдікке ұмтылуы табиғи заңдылық па деп те ойлайсың. Тек, енді екінші дүниежүзілік соғыста Германияның жеңілуі