Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945). Амангелді Әліпбаев. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2015
isbn: 9965-30-475-0
Скачать книгу
Германияның соңғы үміттері Верден қабырғасына соғылып, быт-шыт болды… Германдық арманның күлі көкке ұшты»3. Шын мәнінде де, германдықтар үшін Верденді алу француздардың рухын таба қылып, неміс шартын қабылдатуға жағдай туғызар еді. Тек тарих бұл мәселені керісінше шешті. Өзінің одақтастарымен қосыла отырып, Франция германдықтарды өз аумағынан қуып қана қоймай, одан зорына мүдделі еді. Сондықтан Германиядағы Рейн өзенінің сол жақ жағалауын, тіпті, ыңғайы келіп жатса, оң жақ жағалауынан да бөліп алып, герман өнеркәсібін француз капиталы үшін жұмыс жасату қажет деп санады.

      1914–1918 жылдары герман-австриялық топ пен Антанта елдерінің арасындағы қарулы қақтығыс әлемдік бөліс үшін, екі топ тұрғысынан да басқыншылық сипаттағы соғыс болды. Соғыс барысында оған 38 мемлекет пен оның отарлары қатысқан болатын.

      Бұл соғыс 1918 жылдың күзінде Германия, Австрия-Венгрия, Түркия, Болгария сияқты елдерден құрылған Төрттік Одақтың жеңілісімен аяқталды. Соғыс барысында Ресей аумағында саяси төңкерістің нәтижесінде құрылған жаңа саяси жүйедегі Кеңес өкіметі соғыстан шығу мақсатында 1917 жылғы 26 қазанда (8 қараша) бейбітшілік туралы қаулы қабылдады. Онда барлық соғысушы елдерді және олардың үкіметтерін соғысты тоқтату жөнінде келіссөздер жүргізуге және ешқандай да аннексиясыз және төлемақысыз бейбіт бітім жасасуға шақырды. Алайда, АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа елдер бұл ұсынысты қабылдаудан бас тартты, себебі олар көздеген мақсаттарына қол жеткізбейінше соғысты тоқтатқысы келмеді.

      Германия мен оның одақтастары соғыс ауыртпалығын аз да болса жеңілдетуге үміттене отырып, кеңестік ұсынысты қолдаған болатын. 1917 жылдың 2 (15) желтоқсанында Кеңестік Ресей мен германдық топ арасында 28 күн мерзімге созылған бейбіт бітім туралы декретке қол қойылды. 1917 жылдың 9 (22) желтоқсанында Брест-Литовскіде Кеңестік Ресей мен Германия және оның одақтастары (Австрия-Венгрия, Түркия, Болгария) арасында бейбіт келіссөздер жүргізілді. Кеңестік өкілдер Польша, Литва, Курляндия және де Ресейдің басып алынған аудандарынан шетелдік әскердің шығарылуын талап етті және де бұл аумақтардың халқына өз тағдырларын өздері шешу үшін өзін-өзі басқару құқын беруді ұсынды. Бірақ герман тарапынан келіссөзге қатысқан өкілдері Германияның басып алған аумағынан өздерінің әскерін шығармайтындығын жариялады. Брест-Литовскідегі келіссөздер нәтижесінде тараптар нақтылы шешімге келе алмады. Германия және оның одақтастары Ресей бағытындағы басымдылығына сүйене отырып, келіссөздерді қайтадан бастауды ұсынады. Кеңес өкіметі қойылған аумақтық-экономикалық талаптарға келісуге мәжбүр болды, сөйтіп 1918 жылдың 3 наурызында Брест бейбіт бітіміне қол қойылды. Бұл бітім бойынша Германия Польша, Латвия, Литва, Эстонияның жерлерін өзіне қосып алып, Украинаны өзіне тәуелді етті. Кеңестік мемлекет Германияға едәуір көлемде төлемақы (6 млрд алтын марка) төлеуге келіскен болатын.

      Еуропа құрлығында кең етек алған бұл дүниежүзілік


<p>3</p>

Пуанкаре Р. На службе Франции. Воспоминания. – М., -1936. – С.409.