Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім. Рыскелді Мырзабекова. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Рыскелді Мырзабекова
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2014
isbn: 978-601-04-0756-5, 978-601-04-0758-9
Скачать книгу
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың бас кезіндегі халықаралық жағдайы (1980-2000). КСРО-ның дезинтеграциялануына алып келген үрдістер өзге де социалистік лагерь елдерінің, соның ішінде КХДР-дың қоғамдық өмірінің барлық саласына теріс әсерін тигізді. Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде орын алған 1989 жылғы «бархат революциялары» КСРО-ның геосаяси және геоэкономикалық жағдайын нашарлатып, ықпал ету ауқымын тарылтты. Бұл КСРО-ның КХДР, Вьетнам, Куба сияқты социалистік елдермен қатынасының сипатының өзгеруіне және кейіннен мүлдем үзілуіне алып келді. КСРО ұзақ жылдар бойы КХДР экономикасының басты демеушісі бола отырып бұл елге орасан-зор экономикалық қаржылай көмек көрсеткен болатын. КСРО-мен қатынастардың үзілуі, КХДР экономикасындағы көптеген салаларда тоқыраудың басталуына алып келді. Бірақ сол кезде социалистік елдердің Оңтүстік Кореямен дипломатиялық қатынастар орнатуы КХДР саяси жетекшілігінің қатты наразылығын тудырды. Пхеньян социалистік лагерь елдерінің бірқатарымен қатынастарын үзді. Сондықтан КХДР саяси жетекшілігі үшін халықаралық қатынастар жүйесінде жаңа әріптестер табу кезек күттірмейтін мәселе болды.

      Бұл мәселені шешуге Солтүстік Корея 1988 жылдан бастап кіріскен болатын. ХХ ғасырдың 90-шы жылдары КХДР-дың саяси жетекшілігінің басты міндеті Солтүстік Кореядағы өмір сүріп отырған құрылысты сақтап, оны өзгеріске ұшырап жатқан сыртқы жағдайға ыңғайлау болды. Себебі экономикалық дағдарысты жағдайдың шешілмеуі елде наразылық көңіл-күйдің туындауына алып келуі мүмкін еді. 1994 жылдың шілдесінде Ким Ир Сеннің қайтыс болуы және елдегі билік тармақтарының оның ұлы Ким Чен Ирдың қолына өтуі Солтүстік кореяда 40 жыл бойы құрылған партиялық-мемлекеттік жүйенің беріктігін көрсетті. Бірақ бұл жүйе хх ғасырдың 90 жылдарының екінші жартысынан осы күнге дейін елдегі ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайды шешуге қауқарсыздық танытып келеді. халық шаруашылығындағы жағдай күннен-күнге асқынып келеді. Елде электр қуаты, жанаржағар май, шикізат, азық-түлік тапшылығы айқын білінуде. Оның үстіне аушылшаруашылығы қазіргі кезде созылмалы құлдарау жағдайына түскен. Мысалы, 1995 жылы астық және халықтың негізгі қорегі болып табылатын күріш бұрын-соңды болмаған көлемде аз жиналды. Осы жылы жиналған күріштің көлемі небәрі 3,5 млн. тонна болды. Бұл көрсеткіш жылдан жылға төмендеп келеді. Азық-түліктің жетіспеуінен елде халықты мөлшерленген азық және тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету жүйесі енгізілді.

      Сонда да болса, елдің жетекшілігі тығырықтан шығудың бірден-бір жолын экономикалық және әлеуметтік реформалардан іздестірудің орнына қатаң тәртіп пен шектеулер енгізуде. Социалистік жүйенің ыдырауынан халықаралық қатынастар жүйесінде қолдаусыз қалған Солтүстік корея 1990 жылдардың екінші жартысында өзінің ядролық бағдарламасы мен зымырандық технологиясын қайта жандандыра бастады. Бұл өз кезегінде Солтүстік кореяға қарсы халықаралық қауымдастық тарапынан оқшаулау санкцияларының қолданылуына алып келді және