Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім. Рыскелді Мырзабекова. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Рыскелді Мырзабекова
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2014
isbn: 978-601-04-0756-5, 978-601-04-0757-2
Скачать книгу
қол жеткен ғылыми-техникалық жетістіктерді отарлардағы өндіріске енгізуді жүзеге асыруға (технологияны көшіруге) кірісті. Бұл өз кезегінде отарлардың әлеуметтік-экономикалық сипатын өзгертіп, олардың стратегиялық маңызын арттырды. Бірақ көптеген жағдайларда шығыс елдеріндегі дәстүрлі ерте мануфактуралық өндіріс шетелдік өндірістік және техникалық жаңалықтарды қабылдауға даяр болған жоқ. Сондықтан кейбір шығыс елдері бұл өзгерістер мен жаңалықтардан кешеуілдеп кенже қалды. Бұндай жағдай Азия мен Африка елдерінің бірқатарында осы күнге дейін байқалып отыр. Оның себебі Шығыстағы машиналы өндіріс Батыстағы сияқты өзіндік ішкі және дәйекті дамудың өнімі болған жоқ. Шығыстың өндірістік жүйесіне өндірістің фабрикалық және зауыттық түрлердің дайын күйінде сырттан әкелініп енгізілуі, оның кенже дамуының тағы бір себебі болып табылады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде машиналы өнеркәсіп ең алдымен Үндістан, Қытай, Египет сияқты елдерге біртіндеп енгізілсе, Вьетнам, Бирма, Малазия сияқты елдерге оны енгізу көптеген қиындықтармен жүзеге асырылды.

      Батыстық өндіріс құралдарының жергілікті өндіріске ендірілуінің ерекшеліктері мен рөлі. Отаршылдық кезеңнің ХІХ ғасырының соңы мен ХХ ғасырының бас кезі Шығыс елдеріндегі өндіріс орындарына батыстық өндіріс құралдарын айтарлықтай көлемде енгізумен ерекшеленеді. Батыс елдерінде жетілдірілген механикалық қондырғылар ең алдымен мақта-мата, джут, қант, ұн тарту, жүн иіру, жібек тоқу сияқты өндіріс салаларына ендірілді, ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында ғана электротехника, металлургия, химия, цемент және тағы да басқа өндіріс салаларына енгізілді. Бірақ отарларда машина жасау мен станок жасау ісі болған жоқ. Бұл салалар метрополиялардың еншісінде болды. Отарлық жергілікті өндіріс орындары үшін құрал-жабдықтар метрополиялар мен өзге де индустриалды дамыған елдерден әкелінді.

      Метрополия мен отарлар арасындағы өндірістік синтез ХХ ғасырдың бірінші жартысына дейін, кейбір жерлерде екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақытта да сақталынып қалды. Бұрынғы отарларда өндірісті индустрияландыру ісі тек тәуелсіздік алғаннан кейін қарқынды түрде қолға алына бастады. Шығыс елдерінде ХХ ғасырдың бас кезі мен орта шенінде өндірісті машиналандыру жүйесі мен шетелдік капиталдың кең көлемде енуі кәсіпорындардың сол кездегі заманауи түрінің қалыптасуына және өндірісте сауда мен несиелеу жүйесінде қатынастардың жаңа формасының пайда боуына әсер етті.

      ХІХ ғасырдың соңында батыстық ғылыми-техникалық кадрлар мен мамандардың қатысуымен минералды шикізат пен ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін салаларда жаңа зауыттар мен фабрикалар пайда болса, ХХ ғасырдың бас кезінен электробекеттер, болат қорыту және цемент шығаратын зауыттар пайда болды. Негізінен бұндай өнеркәсіпте ірі капиталистік кәсіпорындардың саны басым еді. Сонымен қатар батыстық мемлекеттер әлемдік нарықтың сұранысына сай, шығыс елдері экономикасының дәстүрлі