Олардың біріншісі жырақта жатқан бөгде, бірақ, бос немесе сирек қоныстанған жерлерді қоныстанушы-колонистердің біртіндеп игере бастауы. Бұндай жағдайда жергілікті халық әдетте, отырықты жерлерінен шетке және шаруашылық жүргізуге қолайсыз, құнарсыз және жайсыз жерлерге тықсырылды. Бұндай жерлерде жергілікті халық бір жағынан біртіндеп қырыла бастаса, екінші жағынан отаршылдар оларды қырып-жойып, ассимиляцияға ұшыратты. Осындай жолмен Солтүстік Америка, Австралия, Жаңа Зеландия игерілген болатын. Белгілі бір дәрежеде бұндай механизм бурлардың Оңтүстік Африка Республикаларында қолданыс тапты. Уақыт өте келе бұл жерлерде еуропалық үлгідегі мемлекеттік құрылымдар пайда болды.
Отаршылдықтың тагы бір келесі нұсқасы даму жағынан ерте мемлекттік сатыда тұрған жергілікті халық тығыз қоныстанған аудандарға жаңа қоныстанушылардың миграциясы болып табылады. Аталмыш типтегі отарлаудың жарқын мысалы Оңтүстік және Орталық Америкадағы қоғамдар болып табылады. Еуропадан қоныстанушылардың (испандар мен португалдардың) пайыздық қатынасының жергілікті үндістермен және Африкадан әкелінген құл-негрлермен (бұл өз кезегінде мулаттар мен метистердің көбеюіне алып келді) салыстырғанда төмен болуы, Латын Америкасы елдерінде әлеуметтік қатынастар формасының гибридті болуына әсер етті. Отарлаудың екінші нұсқасы отарлардың тез дамуына ықпал ете алмады. Испандық және португалдық отаршылдар өздері феодалдық қоғамнан шыққан феодалдық католицизмнің үндістік дәстүрлі қоғам формасымен синтезі дамудың пәрменді формаларының қалыптасуына және өндірістің алдыңғы қатарлы түрлерінің пайда болуына өз себін тигізе алмады.
Отаршылдық феноменінің үшінші нұсқасы еуропалықтар үшін мекендеуге қолайсыз аудандарды отарлау болып табылады. Бұндай жерлерде әдетте жергілікті халық саны жағынан көп болғандығына қрамастан, біртіндеп еуропалықтардың ықпалына түсе бастады. Бұндай жағдай Африкада толығымен ал, Азияның кейбір аймақтарында (мысалы, Индонезияда), Океанияда ішінара орын алды. Аталған аймақтар саяси әкімшілік пен мемлекеттік аппараттың әлсіздігімен және кейбір жағдайларда олардың толықтай жоқтығымен ерекшеленеді. Бұл ең алдымен отаршылдарға форпостар жүйелерін, теңіз айлақтарын, сауда компаниялары мен кварталдарды құру арқылы жаңа жерлерге тез қоныстануына кең мүміндіктер қалыптастырып берді. Олар көп ұзамай-ақ,