Сана болмысы. Ғарифолла Есім. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Ғарифолла Есім
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Философия
Год издания: 2011
isbn: 9965-29-699-5
Скачать книгу
астаған дағдарыстың басы болатын. Осы мезгiлде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Дағдарыстан шығудың кiлтi» және «Бесiншi жол» деген теориялық мақалаларын жариялады. Осы мақалалар үрдiсiне орай, ондағы ойларды тарата айту мақсатында мақалалар жазып, басылым беттерiнде жарияладым, олар:

      «Акме-қоғам «Нұқ кемесi»», «Акме-қоғам болмысы», «Астана – акме-қоғам символы», «Бесiншi жол – елдiк рух философиясы» және «Ұлттық идея – ел санасы».

      Мiне, 2009 жыл да тарихқа енiп, аяқталып барады. Елiмiз дағдарыстан айтарлықтай жапа шектi деп айта алмаймын, әрине, iрi өндiрiс орындары, шетелдермен байланысы қарқынды ұжымдарға ауыр болғаны анық, алайда қалай дегенмен дағдарыс жылдары қазақстандықтар үшiн iзденiс жылдары болды. Елбасының басшылығымен Үкiмет, Парламент дағдарысқа қарсы жүргiзген iс-шаралары өз нәтижесiн бердi, кiтапта осы мәселелер әр қырларынан сараптамаға түскен.

      Әлемдiк қаржы дағдарысына қарамастан рухани мәдениет, өркениет салаларында айтарлықтай iстер атқарылды, олар туралы да кiтапта қажеттi ақпараттар орын алған.

Автор

      I

      МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЯСАТ

      «ОРТАҚ ҰЛЫ МАҚСАТҚА ЖЕТУДIҢ ДҰРЫС ЖОЛЫ»

      Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын былай бастады: «Менiң жыл сайынғы Жолдауларым әдеттегiдей жетiстiктерiмiздi саралап, келешегiмiздi бағдарлауға, ең бастысы – баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудiң дұрыс жолын бiрлесе айқын-дауымызға бағытталып келедi».

      Дұрыс жол, ол – Елбасының халықты өркениеттiң кемелдi сатыларына бастап келе жатқан «қазақстандық жолы». Тәуелсiздiкке қолы жетiп, ұлттан жаңа сападағы елге айналған қазақ халқы мемлекетiмiздiң өзге де азаматтарын төңiрегiне топтастырып, ұлы мақсатқа бiрге жетпекшi ниетте. Шындық осы, ниет дұрыс. Құдайға шүкiр, елдiң шаруасы түзелiп келедi. Сондықтан Президенттiң ұлы мақсатқа жеткiзетiн дұрыс жол туралы айтуы өте орынды. Биылғы Жолдауда да, әдеттегiдей елiмiздiң бiр жыл iшiнде жүрiп өткен жолына талдау жасалып, үстiмiздегi жылда атқарылар iстердiң нақтылы бағдарламасы ұсынылған. Бұл – бiр кiсi атқаратын iс емес, билiктiң бүкiл тармақтарындағы ел азаматтарына сын. Жолдаудан әркiм өзiне қатысты iстi нақтылап алып, оны жүзеге асырудың тәсiлдерiн iздесе, бұл iскерлiкке, прагматизмге бастар белсендiлiк болар едi. Бүгiнде осы мәселеде жетiспеушiлiк аңғарылады. «Дұрыс жол» тек саяси көшбасшылар жүретiн жол емес, ол – миллиондардың жолы және де бүгiнгiлердiң ертеңгi келер ұрпақпен ұшырасатын жолы. Әлемдiк үрдiс ретiнде қалыптасқан ақпараттық технология күн санап елiмiзде өз кеңiстiгiн айқындап келедi, сондықтан келер ұрпақ бiзбен ақпарат тiлiнде «сөйлесiп», бiздiң iстерге аналитикалық сараптама жасап, кiмнiң кiм екенiн жария етуi талас туғызбайтын жай. Сондықтан бүгiнгi күндегi қоғамдық, әлеуметтiк белсендiлiгiмiз ұрпақтар алдындағы жауапкершiлiгiмiз болмақ.

      Жол деген – қасиеттi сөз. Адасқан көптiң атының басын бұрып, жол табу тек кемел жанның iсi. Пенде болған соң, кiм адаспайды. Адасқанын сезген адам ғана жөн, жол таппақ. 90-шы жылдары СССР кеңiстiгiнде адаспаған саясаткер болды ма, олардың көбiсi тығырыққа тiрелгендей сыңай бiлдiрдi емес пе, сондай кезеңде төтеден жол тауып, елдi тура жолға бастаған Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев екенiне бүгiнде ешкiмнiң, сiрә, күдiгi болмас.

      Кемеңгерлiк – негiзiнен, саяси ұғым. Ол – өзгенiң көре алмағанын көру, көпшiлiктiң сезiне алмағанын сезiну, ең бастысы, нартәуекелге салып, жан-жағына тоқтау айтып, жөн көрсету, дұрыс жол табу. Кемеңгерлiк көпшiлiкке бiрден танылатын феномен емес. Оны қабылдап, мәнiсiн аңғару тек суық ақылды ғана емес, сабырлықты да талап етпек. Парасат дегенiмiз ақылды сабырға жеңгiзу болса, ол әр саяси басшының қолынан келе бермейдi. Нұрсұлтан Назарбаев болмысындағы кемеңгерлiк Қазақстан халқын ортақ ұлы мақсатқа бастаған дұрыс жолға, яғни қазақстандық жолға түсiрумен анықталды десек, артық айтқандық емес. Бiз өткен ғасырда қоғам, тап, тұлға туралы көп айтып келдiк, бiрақ осы мәселеде ақын Шәкәрiм айтқандай, «бiрезулiк» таныттық. Тарих локомотивi – бұқара халық, ал тұлғалар сол халық iшiндегi әлеуметтiк жiктелудiң, яғни таптық қатынастардың арқасында ғана iс-әрекеттерi айқындалатын жандар деп келдiк. Осы сана миымызға сыналап енгенi соншама, күнi бүгiнге дейiн тұлғаларды нақтылы анықтауда әрi оларды өз iсiне қарай бағалауда қорғаншақтай беремiз. Арғы тарихты қозғамағанның өзiнде 1991 жылдан бергi өмiрiмiзге көз салсақ, өткен жылғы Президент Жолдауында айтқанындай, жаңа әлемдегi жаңа Қазақстанның жаңа адамдарының әлеуметтiк-саяси, тiптен тұрмыстық, психологиялық портреттерi қалыптасты десем артық болмас. Тұрмыс өзгердi, сана толғақта, бiрақ мiнез, пиғыл, адамның құлқы түбегейлi өзгерiске түстi. Бұрынғыша өмiр сүрудiң мүмкiндiгi таусылып барады. Адамдар бiр-бiрiн түртiп оятуда, себебi олар ескi социализмнен жаңа тұрпаттағы өркениет жолына түсуде.

      Өркениет жолы. Ол жолға түсу оңай шаруа емес, ол үшiн, алдымен, оған ниет етуiмiз керек және соған бастап отырған Елбасына сенуiмiз керек. Сенiм болмаған жерде тұрақтылық орнықпай, жалтақтық жай-лар бола бермек. Құдайға шүкiр, бүгiнде азаматтар өздерiн жаңа дұрыс жолға бастаған Елбасына сенiп, осы жолдың бағыт-бағдарын iске асыруда қызметтер атқарылып жатыр.

      Өркениет жолы – Президент атап көрсеткен жаңа Қазақстанның жүрер жолы, ал миллиондарды ол жол-ға бастайтын