Қалыптасу тарихы осындай күрделі, тарих қойнауының бірнеше белестері мен сатысынан өткен өңірдің тарихи этнографиясы да аса күрделі. Яғни Сырдың төменгі ағысы бойы қазақ халқының тарихында маңызды орын алатын аймақ, атап айтқанда бұл өңір ежелгі арийлердің, сақтардың, қаңлылардың, Тұран ойпаты ежелгі түркілердің мемлекеттерінің отаны, Дешті Қыпшақ конфедерациясы, Алтын Орда, Ақ Орда мемлекеттері, одан кейін Қазақ хандығының құрамында болған қазақ жері. Сыр өңірі қазақтарының тарихи-этнографиясы сол өңірді мекен еткен ежелгі тайпалардың археоэтнографиясының заңды жалғасы. Сыр өңірі қазақтары осы жердегі атақазақтардың тарихи танымдарын қабылдап, көптеген үрдіс-дәстүрлерін қазіргі заман ұрпақтарына сақтап жеткізген, ата дәстүрді жалғастырып отырған ұрпақ болып табылады.
Зерттеу жұмысының теориялық негізіне зерттеу жұмысы бойынша алға қойған міндеттерін дұрыс шешуге бағыт-бағдар беретін ғылыми көзқарастар алынды. Жұмыстың ғылыми аппараты үш бағытта жасақталды, біріншісі тікелей тақырыпқа қатысты, екінші тақырыпқа жанама қатыстылары, үшіншісі салыстырмалы түрде қарастырылды әрі бірқатар авторлардың еңбектері сыни көзқарастан өткізілді. Әр тараудың қорытынды бөлімінде өз пікірімізді білдіруге ұмтылдық. Тарих ғылымдарының қай саласы болмасын зерттеліп отырған мәселенің географиялық шеңберіне сәйкес, сол және көрші өңірдегі сәйкестік пен сәйкессіздіктерді байқау үшін салыстырмалы көрсеткіштер даярлап, оның нәтижелерін зерттеу жұмысының ішкі мазмұнына ендірудің маңызы зор.
Сыр өңірі қазақтарына қатысты алғашқы зерттеулер мен деректерді жинақтап, оны ғылыми тұрғыда игеріп, зерделегенде, яғни сол кезеңдегі қазақ қоғамының зерттелуіне қазіргі өскелең талаптағы ғылыми тұрғыдан