5. Кутбиддинова, Р. А. Психология стресса (виды стрессовых состояний, диагностика, методы саморегуляции): учебнометодическое пособие / Р. А. Кутбиддинова. – Южно-Сахалинск: СахГУ, 2019. – 124 с.
Абильдаева Г. Ж.
ЖАС МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТКЕ БЕЙІМДЕЛУ ЕРЕШЕЛІКТЕРІ МЕН ЕҢБЕК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
(Жамбыл облысы, Жуалы ауданы №25 Ақтөбе тірек мектебі (ресурстық орталық))
Қазіргі таңда қоғамдағы өрлеу әрбір маман иесіне өз ісінің шебері болуды талап етеді. Бүгінде еңбек іс – әрекеті саласында жүргізілетін психологиялық зерттеулердің өзектілігі еш күмән тудырмайды. Өндіріс жағдайларындағы қарым – қатынас процестерінің анықталған заңдылықтар өнімділікті көтеру және еңбекті оптимизациялау міндеттерін шешуге үлес қосады.
Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі – еңбек болып табылады. Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субьектінің өзара қатынасының динамикалық жүйесі. Адамның іс-әрекеті – күрделі құбылыс [1]. Белгілі бір өнім адам іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Оның арнайы әрекеті еңбекте, еңбек іс-әрекетінің актісі түрінде қалыптасады. Белгілі бір қоғамдық функцияларды атқаратын әрекеттерінің жиынтығы еңбек әрекетінің белгілі бір түрін құрайды.
Еңбек дегеніміз – адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік қатынастар жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқарас пен еңбек мотивін қалыптастырады. Адамды еңбекте жоғары көрсеткіштерге жетуге жетелейтін себептер өмір сүріп отырған өндірістік қатынастарға тікелей байланысты. Адамдардың екбекке құлшынуы тек қана жеке мүддеден тумайды, сонымен қатар қоғам мүддесін ойлаудан тұрады. Сонымен қатар адамның екке деген ынтасы оның жаңа еңбекке араласуындағы бейімделуі. «Кәсіби адаптация», – бұл жұмысқа жаңа түскен адамның өз ортасына біртіндеп төселіп, бейімделуі. Төселудің алғашқы кезеңі өндірістік практика кезінде, негізгі жағы нақты жұмыс үстінде жүзеге асады [2].
Мамандық таңдауда Ж. Аймауытов қазақ жастарына мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жәй күнелту, тамақ, асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін процесс екендігін ерекше сипаттаған.
Американ зерттеушісі Ф. Парсонс мамандықты дұрыс таңдау үшін ең алдымен өзі және өзінің қабілеті туралы толық білу керек екендігіне ерекше мән берген.
Тұлға және мамандық таңдау қатынасы туралы В.Д.Шадриков, Т.В.Кудрявцев, К.А.Абульханова-Славская, Ю.П.Поваренков, Б.Г.Ананьев Е. А.Климов