Қазақстандық зерттеушілер, оның ішінде әлеуметтік психология, педагогика және әлеуметтану саласындағы мамандар өзін-өзі бағалауды қалыптастыру, психикалық денсаулық, әлеуметтік желілердегі жасөспірімдердің мінез-құлқы, контенттің тұлғалық дамуға әсері және тағы басқа аспектілері зерттелуде. Ә.Қ.Нұржанова әлеуметтік желілердің Қазақстандағы жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауы мен психикалық денсаулығына әсері туралы зерттеулер жүргізді. К.С.Оспанова жасөспірімдер арасында виртуалды тәуелділік мәселесін зерттеді. Ол әлеуметтік медианы белсенді пайдалану жасөспірімдердің нақты қарым-қатынас пен жеке байланыстарға деген қызығушылығын жоғалтқан кезде тәуелділікке әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Ә. М. Дәулетова жасөспірімдер арасында кибербуллинг мәселесімен айналысқан. Ол өз еңбектерінде кибербуллингке ұшыраған жасөспірімдердің депрессиядан, мазасыздықтан және оқуда қиындықтардан жиі зардап шегетініне назар аударады.
Әлеуметтік желі бүгінде жасөспірімдердің өмірінде шешуші рөл атқарады, олардың дамуына оң және теріс әсер етеді. Олар жасөспірімдерге бірнеше бағыт бойынша мүмкіндіктер береді:
1. Жасөспірімдер әлеуметтік желілер арқылы өз ойларымен, шығармашылығымен, қызығушылықтарымен және көзқарастарымен бөлісе алады, бұл оларға пікірлес адамдарды іздеуге және қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге көмектеседі.
2. Жасөспірімдік шақ тұлғаның өз жеке басын қалыптастыратын кезеңі. Осы шақта әлеуметтік желі өзін-өзі тану және қоғамда өз орнын табу құралына айналады.
3. Өзін оқшау сезінетін жасөспірімдер үшін әлеуметтік желі қолдау көзіне айналады [3; 4 б.].
Дегенмен, оң аспектілердің артында тәуекелдер де бар. Бұл виртуалды орындар өзін және басқаларды қабылдауға әсер етеді, сонымен қатар шындықтан алыс болуы мүмкін белгілі бір мінез-құлық