Труды III Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы». Николай Сергеевич Лустов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Николай Сергеевич Лустов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения:
Год издания: 0
isbn: 9785005972484
Скачать книгу
дополнения и утверждения.

      Источники

      1. Материалы семинара «Проектирование модели конкурентных факультетов при НАО «Таразский региональный университет имени М. Х. Дулати», Тараз, 2023 г.

      2. Программа семинара «Проектирование модели конкурентных факультетов при НАО «Таразский региональный университет имени М. Х. Дулати», Тараз, 2023 г.

      3. Case Method Teaching and Learning I Columbia CTL.

      4. What the Case Study Method Really Teaches(hbr.org).

      Әбдіхалық А. Р., Джаздықбаева Б. М.

      Болашақ тәрбиешілерді даярлаудың мүмкіншіліктері мен қазіргі жағдайы

      (Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ.)

      Тәрбиеші – бүгінде болашақ халқымыздың өсіп келе жатқан балапандарын жарқын өмірге даярлаушы, жол көрсетуші деп ойлаймын. Тәрбиеші балабақша табалдырығын аттаған кезден, балалармен тіл табысып, көңілін тауып, әрқашан балаға жаны жақын, балаларды өзіне баурап алуы қажет. Менің ойымда балабақша тәрбиешісі мәдениетті, сыпайы, жауапкершілігі мол, балаға жол көрсетуші, баланың жанында әртіс, балаға әрдайым мейіріммен қарайтын, өзінің нұрын шашып тұратын, әрбір баланы өзінің баласын жақсы көргендей жақсы көрсе, бауырына басып, балада өзін емін-еркін сезініп, достарымен ашық-жарқын болатындай балалардың жағдайын жасап, өзінің жұмысын жеткілікті меңгеріп білікті маман болып, өз мамандығының жемісін көретін білікті тәрбиеші деп ойлаймын. Балалар бала-бақшаға, тәрбиешіге қарап асығатын болса, балабақша мәні, тәрбиеші – бала-бақша бейнесі болатыны хақ. Балабақша қабырғасында тәрбиеші балалардың екінші аналары болып есептелінеді. Балалар үшін қам жейтін, әрдайым көзінің алдында өсіп жатқан балалармен бірлесе қуанып, мұңаятын жан болып табылады. Балалармен балаша мәз болатын – тәрбиеші. [1]

      Баланы «өмірдің гүлі», ал тәрбиешіні «бағбан» деп айту бекер емес. Балалар – біздердің болашағымыз, өмір мәні, әлемнің жайма шуақ нұры! Сол себепті тәрбиешілер өмірінде баланың алар орны ерекше.

      Шығармашыл тәрбиеші – бірінші кезекте өзінің ісінің білікті маманы, білімді, мәдениетті және де жан-жақты дамыған тұлға болып саналады. Функционалдық құзыреттілік қазіргі қоғам тәрбиешісінің шығармашыл сипатына жатады және оның жүйедегі әлеуметтік, мәдени құндылықтарды саналы түрде ойлауын көрсетеді. Педагогтық, таза әрі анық жүйелер – оқу жүйесіндегі және оның сәтті өзара әрекеттесудің әдісі мен тәсілдерін игеруі, педагогтың шығармашыл қабілетінің дамуы мен қалыптасуы бірге жүреді. Оқытудың кәсіби құзыреттіліктің жоғары дәрежесі, бірлікті, достықты ұйымдастыра алу қабілетімен сипаттайтын баланың белсенді болуы мен дербестігін сақтау, баланың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Асылында кәсіптік еңбек саласындағы білім, білік, дағдылар жиыны болашақ тәрбиеші педагогқа мүмкіндік береді, және ондай түрлендіруге психологиялық дайындық және жеке еңбек ұжымның ішкі және сыртқы жағдайы әсер етеді. [2]

      Негізінде, болашақ педагогтың үрдісін меңгеру балалармен қарым-қатынас