Қанжар. М-К. А. Тузелбаев. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: М-К. А. Тузелбаев
Издательство: Автор
Серия:
Жанр произведения: Боевая фантастика
Год издания: 2022
isbn:
Скачать книгу
бейне – бүктеліп салынған сүлгілер. Лу Хао сөренің ішін ақтарып, көк сүлгінің арасынан 2 бүктелген қағазды тауып алды. Қағазды алған бойдан ол бірден әжетқанаға кіріп кетті. Қағаздың ішіндегісін оқығаннан кейін оны бірден өртеп, күлін ағызып жіберді.

      – Егер шығып бара жатырсаң бүкіл алу керек заттардың тізімі мен беріп жіберу керек хаттама аяқ – киімге арналған сөренің үстінде тұр – есіктің сыртынан Вирониканың дауысы шықты.

      Әжетхананың есігін ашып, 2 рет оңға бұрылып біраз жүрді. Қағазды алғаннан кейін аяғына қызыл туфлиді киіп шығып кетті.

      Бесінші бөлім: Айырбастау

      Алматы облысы; Шілікті ауылы; «Арман» шағын кафесі;

      – 1 жасымық сорпасы, 2 құс еті қосылған самса, 1 сарымсақ қосылған нан, барлығы сіз айтқандай. Асыңыз дәмді болсын! – жасыл киім киген даяршы қыз бөлменің шетінде отырған қатаң киімдегі әйелге науамен тағамдар әкеліп берді.

      – Рахмет! – өзге заттарға тиіспес бұрын ең алдымен самсадан ауыз тиіп, кейін қоңырау шырылдағанан кейін орнынан тұрып, қалған тамақты өзімен алып кету үшін арнайы ыдыс сұратып алды.

      Бүгінгі күні кафеде барлығы күндегідей болды, тек егер соңғы тапсырысты есептеменде. Бұл тапсырыстың өзге тапсырыстардан ерекше болуы – оған тапсырыс берген Лу Хао. Қарсылық күштерінің өздерінің тыңшыларымен хабарласу үшін өздерінің әдістері бар. Мысалы: жасыл киімдегі тапсырысты әкеліп берген даяршы қыз шын мәнінде Айғаным атты жасырын тыңшы. Әлемде ол сияқтылардың кем дегенде мыңдағаны бар.

      Қазіргі заманда кез – келген электронды хабар алмасу өте сенімсіз, тіпті, көзбе – көз сөйлесудің өзі де әңгіменің үшінші құлаққа жетпесіне кепілдік бола алмайды. Сондықтан «босатушылар» хабар алмасудың осындай әдіс ойлап тапты. «Қанжар» жаңа қалаға келме бұрын бұл қалаға «босатушылардың» адамы бірнеше апта алдын – ала келеді.

      Даяршының әкелген тамағында «Қанжарға» арналған хаттама, ал науаның астында «босатушыларға» арналған хаттама бар.

      Алтыншы бөлім: Хабарлама

      – Сонымен, не деп жазған екен? – Ардо алдында отырған Лу Хаодан оқып отырған қағазында не деп жазылғандығын сұрады.

      – Біздің ойлағанымыздай екен. 1 аптадан кейін жолға шығуға болады. Вироника, сен бәрін дұрыстап тексердің ғо, я?

      – Маған сенсеңдер болады. Мен қашан сендердің сенімдеріңді растамаған едім?! – бөлменің арғы бетінен ашуланған дауыс естілді.

      – Түсінемін, сен өз ісіңнің ең жақсы маманысың. Бірақ сақтанғанды құдай сақтайды деген сөз бар. – асханадан пышақтарын қайрап отырған Дэмианның дауысы шықты.

      – Сендердің солай айтатындарыңды білген соң 2 күн бұрын бәрін тексеріп қойдым. Уайымдамаңдар, бәрі дұрыс жасап тұр. Олар тіпті біздің желіге кіргенімізді білмей де қалды. – мақтанғанынан Вироника тіпті күліп те жіберді.

      – Егер солай десең онда қалғандарымыз дайындала берейік. – пышақтарынан кейін Дэмиан өзінің өзге қаруларының дұрыстығын тексеруге көшті.

      Жетінші бөлім: Қала

      Алматы