Дұға-тілек, терең ішкі қалау – бұл көпшілігіміз ойлағаннан да әлдеқайда күшті күш. Біз бір нәрсені қатты қалаймыз, және біздің қалауымыздың қарқындылығы оны жүзеге асыруға жақындатады. Бірақ егер біз жаман тілек тілесек, онда бұл қарқындылық бізге үмітсіздік пен ауырсыну әкеледі. Жамандық адамға тән емес, ал біз оған жабысуға тырысамыз, керісінше аулақ болудың орнына.
Менің ойымша, өмірден белгілі бір нәрсені алуға тым көп көңіл бөлу қауіпті.
Эммет Фокс бір кездері: «Өз қалауларыңызға абай болыңыздар, өйткені сіз оларды толықтай жүзеге асыра алатын барлық еркіндік бар!» деді.
Менің ойымша, ол дұрыс айтты. Біздің жүрегіміздің қалауы, ешкімнің соңына дейін түсінбейтін жұмбақ жолдармен қозғалады және ерте ме, кеш пе шынайы өмірде көрінеді. Сондықтан біз сақтық танытып, не нәрсеге ұмтылып жатқанымызды түсінуіміз керек. Көріп отырсыз ба, біздің тілектеріміз тақырыпқа сай ақ піл болуы мүмкін!
Ежелгі Үндістандағы раджалар (билеушілер) бір бағынышты адамдарын кедейлендіргісі келгенде, олар оған ақ піл беретін. Оны тамақтандыру, күнделікті жуу және безендіру қажеттілігі сол адамды кедейлікке дейін жеткізетін, себебі оның ақша табуға мүлдем уақыты болмайтын. Олар бұны прикол ұстау үшін жасайтын және біздің өмірімізде де дәл солай. Біздің қалауымыздың көптеген элементтері ақ пілдерге айналады, зұлымдықтың әсерінен. Ал оған қарсы, менің ойымша, өмірдің өзі біздің көптеген ақылға сыймайтын, жаман, теріс, жағымсыз, негативті дұға-тілектерімізді, қалауларымызды жасырады, өйткені ол (Алла) бізді ақ пілдерден (кедейшілік, ауру т.б. сынақтардан) қорғағысы келеді.
Мүмкін, кез-келген нәрсені қалай берудің орнына, біз одан да көп даналық іздеуіміз керек шығар. Даналықты іздеу әлдеқайда қауіпсіз, өйткені сізде басқа адамдарға және олардың проблемаларына ақылмен және адамгершілікпен қарауға мүмкіндік беретін жабдық бар. Ақылға (пайдалы, қажетті, керекті ақпарат) ие бола отырып, сіз ақылға қонымсыз шешім қабылдауға асықпайсыз, бұндай шешім сөзсіз адамдардың сізден теріс айналуына және былай деп айтуына алып келеді: «Менің бар айтарым, ол өз қалауына ие бола алмады, өз басына өзі тілеп алды».
Көптеген адамдар, егер оларға оны бірден алуға не жетуге мүмкіндік болмаса, ұмтылысты тоқтатады. Көп адамдар өздері ұмтыламыз деп шешкен нәрсені қалайды, бірақ шынымен пайдалы, қажет, керек нәрсеге ұмтылмайды, себебі білмейді не пайдалы, не қажет,