Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары. М. Адейхан. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: М. Адейхан
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Религия: прочее
Год издания: 0
isbn: 9785005396587
Скачать книгу
үлкен-кіші, бәрін Білуші. Ол әр нәрсені толық біледі және де Ол білмейтін еш нәрсе жоқ. Алла Тағала білушілердің білушісі. Ол ғайыпты да, көмескіні де біледі.

      Зікір айту саны:

      150 – Ғылымды оңай меңгереді. Алла Тағала оған білім мен даналықтың есіктерін ашады.

      100 – Кімде-кім намаздан кейін «Ия, Алләмәл-ғуйуб» деп шынайы қатты беріліп айтса, жан дүниесі рухани әлемге еніп, сыр пердесі ашылады және шыншыл, ізгі адамдармен тілдеседі.

      3. Әл—ъАзиз – Теңдесі жоқ, Ең ұлы, Үстем, Бәріне Құдіретті.

      Онымен ешкім теңесе алмайды.

      Зікір айту саны:

      94 – Дұшпандардан үстем болу үшін оқылады. Таң намазынан кейін қайталап оқып жүрсе, Алла Тағала оны қаржы мәселесінде басқалардан тәуелсіз етеді.

      4. Әл – ъАзим – Ең ұлы, аса Зор, кеңшілік Иесі.

      Оның мәртебесінің басы да, соңы да жоқ.

      Зікір айту саны:

      1020 – Қиыншылықтарды жеңетіндей қуатты табандылық береді және оған махаббат киімін кигізіп, құлдарына сүйдіреді, абыройлы және сөзі өтімді кісі болады. Алла Тағала өзінің осы ұлы есімін әрдайым айтып жүрген адамға өзінің күшінен күш береді.

      5. Әл – ъАдл Әділ, Әділетті.

      Алла Тағала кімге болмасын ешбір әділетсіздік жасамайды. Ол өз шешімдеріне әділ.

      Зікір айту саны:

      104 – Әділетті болады және рухани және материалдық жағдайы түзеледі.

      20 – Жұмаға қараған түн 20 рет қайталаса, оның ықыласы артып, шынайы достары көбейеді.

      6. Әл – ъАли – Бәрінен Биік, Асқақ, Жоғары.

      Адамдардың сезім, сана және басқа қабілетіне келетін бейнелерден тыс, одан жоғары. Ол әр уақытта биіктікте.

      Зікір айту саны:

      120 – Надандықтан құтылып, білімі артады және дәрежесі жоғарылайды. Мінез-құлқы жақсарып, сөздері мағыналы болады және ешкім оны төмен санап қорламайды.

      7. Әл – ъАфу Аса Кешірімді, ғафу Иесі.

      Кешіруші, ғафу етуші, күнәні сауапқа Айналдырушы.

      Адамдар жалбарынып кешірім сұрағанда күнәләрін жойып, сауапты істерін қалдырады.

      Зікір айту саны:

      162 – Ризығы молаяды, қанағатшыл болады және көркем мінезді болады, Алланың кешіріміне бөлінеді.

      Бұл есіммен Алла Тағалаға жалбарынып, артынан «Аллаһумма иннәкә ғафуун карим, тухиббуль Ғафу, фағфу ғаннә» десе оның күнәләрі кешіріледі.

      8. Әл – Ахир – Ең соңғы, Ақырғы, Мәңгі бар.

      Бар екенінің соңы жоқ. Барша жаратылыс қиямет күні қайтыс болғанда Алла Тағала тірі болады. Оның соңы жоқ.

      Зікір айту саны:

      801 – Ғұмыры ұзақ болады. Физикалық тұрғыда күшті болады және қарсыластарынан басым түседі.

      1000 – Алла Тағаланың махаббаты баурап алады, сол адам нәпсіқұмарлықтан арылып, көз жұмғанда иманмен қайтады.

      9. Әл – Әууәл – Ең бірінші, Алғашқы, Мәңгі бар.

      Бар екенінің басы жоқ. Баршаның алдында. Ол мәңгі тұрады. Оның алдында ешбір зат болған емес.

      Зікір айту саны:

      43 – Кез келген игі сауапты істе бірінші