Қанатты сөз – қазына. 1-кітап. Кеңес Оразбекұлы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Мифы. Легенды. Эпос
Год издания: 0
isbn: 9785449876317
Скачать книгу
болады, ал ұры-қары, қарау, ел-жұртты тонаумен айналысатындармен істес болсаң, ішіп-жегенің харам болады дегені.

      АҚЫЛ ЖАСТАН, АСЫЛ ТАСТАН

      Аға тәжірибелі, ол сабырлы, ол парасатты, бірақ қазақ тарихында інілердің суырылып ағалары алдында сөз бастағандары болған. Қазақ елін шауып кеткен Қоңтажыға мал-жанды даулап келген үлкендер (билер) сөзі әсер етпегенде, бала Қазыбек:

      – Ел ебелек емес, ер кебенек емес, дат! – дейді. Сонда қалмақ ханы:

      – Өй, өзің жөніңді айтшы, атың кім? – депті.

      – Атым Қазыбек, әкем Келдібек, халқым қазақ, руым қаракесек, – депті.

      – Дауысың қаз дауысындай қаңқылдап тұр екен, ал датыңды айтшы! – депті хан. Сонда Қазыбек:

      – Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм, тұзын ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.

      Сен қалмақ та, біз қазақ,

      Қарпысқалы келгенбіз.

      Сен темір де, біз көмір,

      Еріткелі келгенбіз.

      Екі еліктің лағын теліткелі келгенбіз.

      Танымайтын жат елге,

      Танысқалы келгенбіз.

      Танысуға келмесең,

      Шабысқалы келгенбіз.

      Сен қабылан да, біз арыстан,

      Алысқалы келгенбіз.

      Жаңа үйреткен жас тұлпар,

      Жарысқалы келгенбіз.

      Тұтқыр сары желімбіз,

      Жабысқалы келгенбіз.

      Берсең жөндеп бітімді айт,

      Не тұратын жеріңді айт! – депті.

      Сонда Қоңтажы сөзге тоқтап, қазақтардың шабылған мал-жанын аман-есен елге қайтарған екен.

      Қазыбек бидің Қаз дауысты атануы осы оқиғаға қатысты. Сол кезде Қазыбек он бес жастар шамасында.

      Міне, аға тұрып іні сөйлейтін осындай шақ болады, оған да қазақ: «Ақыл жастан, асыл тастан», деп тұжырымын жасаған. (Ғ. Есімнен).

      «Асыл тастан» болатыны, жер бетінде кездесетін гауһар, алмас, лағыл, жақұт, кәрібтас, інжу-маржан және тағы басқа асыл минералдардың бәрі тас күйінде кездеседі. Тіпті, алтын мен күміс те тастан қорытылып алынады ғой.

      АЛАТЫНЫҢ МЕН ЕМЕС,

      АЛДЫҢДА ӘНЕ ЖАТЫР, ҚҰДАЙ!

      Шын қауіп-қатер төнсе, біреуді арашалау жайына қалар, өз жайыңды қай жерге қоярыңды білмей сасарсың, қорқып-үркіп қашарсың, деген мағынада айтылады.

      Ертеде бір әйелдің баласы төсек тартып, қатты ауырып қалыпты. Әйел: «Енді қайттім, мұны алғанша, мені неге алмайды, қу құдай!» деп, неше түрлі сөздерді айтып, жылап-еңіреп, елдің ығырын шығарады. «Қой» десе, одан бетер өршеленіп, баласының тынышын алады. Әйелдің бір қайнысы: «Күйдірді ғой» дейді де, ел тарап, ымырт түсе, үстіне үлкен тонды теріс киіп, неше түрлі нәрсені даңғырлатып, сыңғырлатып, киіз үйдің шаңырағынан