Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары. Кеңес Оразбекұлы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Книги для детей: прочее
Год издания: 0
isbn: 9785449882875
Скачать книгу
да, кәне, жиналыңдар! – деді Қылкеңірдек. – Тоғайдағы жыныс-қамалымызға тезірек барайық. Кешегі қойларымызды күн батпай сойып алайық.

      Үшеуі жол қапшықтарына керек-жарақтарын салып, арқаланып жолға шықты. Жыра-жықпылдың, ну шалғынның арасымен жүре отырып, ағаш арасындағы жасырын мекендеріне де жетті. Қоршау ішінде кешегі қойлары жайылып жүр екен. Үшеуі артынып-тартынып қораға кіре бергендері сол еді, арттарынан: «Баукеспелер, тоқтаңдар, қолдарыңды көтеріңдер!» деген дауыс шықты. Үшеуі көздері бозарып, қолдарын көтеріп, арттарына бұрылып еді, мал иесі Малтүгел мен Қойбағарды және қару кезенген екі полицейді көрді.

      Полицейлердің бірі Қылкеңірдектің иығындағы арқанды алып, оларды бір-біріне көгендеп байлайды.

      – Малды ұрлаған осы сойқандар екенін қалай білдіңдер? – деді полицейдің бірі Малтүгел мен Қойбағарға қарап.

      – Түн жарымында ауыл азан-қазан болған соң, Қойбағар екеуміз далаға атып шыққанбыз. Біздің қораның сыртында қарайған біреулер ойқастап жүр екен. Қараңдаған екеуін ажырата алмасақ та, мына Жарғақбасты шырамыттық.

      – Қалай шырамыттыңдар?

      – Өйткені, оның мына жарғақ басы ай жарығынан шағылысып, жарқырап көрінді. – деді Қойбағар әңгімеге араласып. – Бір болса, сол – Жарғақбас-ау деп топшылап едік. Міне, сіздерді ертіп, үшеуінің артынан аңдып келгенімізде, мал жасырған тұрақ-мекендерінің дәл үстінен шықтық қой.

      – Енді тартыңдар сазайларыңды! – деді Малтүгел үшеуіне кіжіне қарап.

      – «Ұрлық, ұрлық түбі – қорлық» деген осы, – деді Қойбағар серігін қостап.

      Сөйтіп, полицейлер Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт үшеуін қосақ-тап, ауылға айдап апарды. Беттеріне қара күйе жағып, есекке теріс отырғызып, ауыл халқының алдында әбден масқаралады дейсің! Үшеуі жұрт алдында әбден қарабет болып, ендігіде ұрлық жасамауға қатты бекінді.

      «Соңғы түйенің жүгі ауыр»

      Үшеуі үй алдындағы ағаш көлеңкесінде отыр.

      – Ұрлық жасап жарытпадық, – деді Қылкеңірдек екеуіне кезек қарап. – Қайта дүйім елге ұры атымыз шығып, масқара болдық. Енді немен айналыссақ екен? Әлде, екі қолға бір жұмыс деп…

      – Қарақшылықпен айналысайық! – деді Жарғақбас серігінің сөзін бөліп.

      – Қарақшылық?!

      – Иә, Тескентаудың бойындағы ұлы сауда жолын білесіңдер ғой. Сол жолмен ерсілі-қарсылы сауда керуендері өтеді. Міне, соларды тонаймыз.

      – Бәрекелді! – деді Шибұт сұқ саусағын шошайтып. – Бұл – ұрлық жасағаннан гөрі беделдірек кәсіп. Әрі ауылдастарыңды емес, бөтен адамдарды – шетжұрттықтарды тонайсың. – Жарғақбастың басынан сипайды. – Мынау жай бас емес, алтын бас қой!

      Жарғақбас та өз басын мақтанышпен сипайды.

      – Ендеше, бұл жорықты қай жерде, қалайша жүзеге асырамыз – жоспарын құрайық. – деді Қылкеңірдек.

      – «Тентек шоқпар жинайды» деген, қару-жарағын да қамдайық.

      – «Өткеннің орағын, кеткеннің кетпенін алу үшін де» күш керек. Күресіп, алысып жаттығайық.

      – Онда