Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары. Кеңес Оразбекұлы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Книги для детей: прочее
Год издания: 0
isbn: 9785449882875
Скачать книгу
С, ҚЫЛКЕҢІРДЕК, ШИБҰТТЫҢ

      ШЫМ-ШЫТЫРЫҚ ХИКАЯЛАРЫ

      (Сериялы ертегілер)

      Ай қараңғысындағы оқиға

      Соңғы түйенің жүгі ауыр

      Сан соқтырған сазгерлер

      Қазына аралында

      Суреттерді салған: Құралай Үмбетова

      ЖАРҒАҚБАС, ҚЫЛКЕҢІРДЕК, ШИБҰТТЫҢ

      ШЫМ-ШЫТЫРЫҚ ХИКАЯЛАРЫ

      (Әзіл-күлкілі сериялы ертегі)

      Халық ауыз әдебиетінде «Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт» атты алақандай шағын ертегі бар екенін жақсы білесіздер. Ертегіде ерекше жаратылған үш кейіпкер түнде ұрлыққа шығады да, біреуінің – басы, екіншісінің кеңірдегі жарылып, үшіншісінің аяғы сынып, өліп қалады. Неге екенін, басталмай жатып аяқталатын бұл ертегіні балалар жақсы көреді, кейіпкерлерінің суретін салуға құмар…

      Сіздерге сүйіншілеп айтатын жайымыз, қолдарыңыздағы бұл кітап балаларды сол сүйікті кейіпкерлерімен қайта табыстырғалы отыр. Яғни, автор әлгі ертегінің үш кейіпкерін жаңа сапада қайта тірілтіп, он тараудан тұратын шытырман оқиғалы, қызықты да күлдіргі хикаятқа айналдырыпты. Бұл хикаят оқырманын тек күлдіріп қана қоймай, бүгінгі әлеуметтік мәселелерді балаларға оңайлықпен түсінетіндей шеберлікпен көтеріп, жастарды мамандықтарын дұрыс таңдай білуге, ізденімпаз да талапты болуға, өмірдің уақытша қиындықтарына төзіп қана қоймай, одан шығатын жолдың бар екенін көрсетуімен де маңызды.

      Тілі жеңіл әрі жатық, халық аузындағы сирек кездесетін мың иірімді қанатты сөздер мен сөз тіркестерін молынан қамтыған, оқырманын үлкен, кіші демей баурап алатын шым-шытырық оқиғалы мазмұнды шығарма.

      ӘЛҚИССА

      Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт үшеуінің де асынып алған жол қапшықтары бар. Жарғақбастың иығында құрық, Қылкеңірдектің иығында арқан, Шибұттың иығында жүген, қолында қамшы, үшеуі көше бойлап алшаң басып жүріп келеді. Жүргені өз алдына, былайша әндетіп келеді: Бөлінбейтін үш доспыз,

      Кез келген іске біз қоспыз.

      Талай сыннан сүрінсек те,

      Бет қайтпайтын «жылпоспыз».

      Жолымызды оңғарсын!

      Деп тілейміз Тәңірден.

      Сәті түспей жатса да,

      Түңілмейміз,

      Үміттіміз өмірден!

      Реніш, өкпе жоқ бізде,

      Емеспіз біз ел кезбе.

      Табылса егер бір жұмыс,

      Жұмыламыз, біз – құлмыз! —

      деп, хош көңілмен шеру құрып келеді. Жеңдерін түріп ап, «Екі қолға бір жұмыс» деп белсеніп келеді. Үшеуі бір-біріне сүйемел боп, қиындықты қайыспай еңсеріп келеді.

      Ал, балалар, біз олардың қызықты шым-шытырық хикаяларын сендерге баяндап, барымызды бөліскіміз келеді.

      Аттракциондағы арпалыс

      Балалар, халық аузында мынандай шағын ертегі бар екенін бәрің білесіңдер:

      Ертеде Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт деген үш ұры болған екен. Бір күні олар ұрлыққа аттаныпты. Көздеген жеріне жеткен соң, ауылдың жатқан-жатпағанын бақылап, шолып келу үшін, олар біреуін жібермек болыпты.

      Қылкеңірдек жанындағы серігіне:

      – Ал, Жареке, ауылдың жатқан-жатпағанын бақылап, шолып келу үшін бұл жолы сен барып келесің бе? – дейді.

      Жарғақбас орнынан тұрады:

      – Барсам барайын. – Қолындағы қапшығын Шибұттың алдына қойып, қолына түкіреді. – «Күн жаз, ет аз» деген, нартәуекел!

      Ол жөнеп береді. Жота басына шыққанда, ар жағынан ауыл оттары көрінеді. Етекке түсіп келе жатқанда, оның айға шағылысқан жарғақ басын жарық көзі деп қалса керек, бір жәндік айналшықтап шықпайды. Ол айналып-айналып келіп, Жарғақбастың жылтыр басына қонады. Жарғақбас қолымен жасқап, оны ұшырып жібереді. Жәндік шыркөбелек айналып-айналып барып, Жарғақбастың маңдай тұсына тағы қонады. Басы жыбырлап, ыза болған Жарғақбас «Тпу, иттің баласы!» деп, балғадай ауыр қолымен жәндікті өлтіремін деп басына бір қояды. Шытынап тұрған жарғақ басы қақ жарылып, өзі кескен теректей «гүрс» құлап, сол жерде жан-тәсілім етеді.

      – Бие