Қазақша ашылып сайрау. Серік Асылбекұлы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Серік Асылбекұлы
Издательство: ЛитРес: Самиздат
Серия:
Жанр произведения: Драматургия
Год издания: 2020
isbn:
Скачать книгу
тонау!.. Кетеміз ана «Майлыбасқа». Теміржолға жұмысқа кірем. Стансасының бастығы неміс көрінеді. Сол неміске барып паналамасақ, мына түйені түгімен жұтатын қазақтар бір күні мына бізді де жұтып қояды. Қазақтан сен ешқашан әділет таба алмайсың, білдің бе?!

      Рысты. Теміржолда жұмыс бар ма екен? Өткенде Әлайдар: «Шойынжолда да қысқарту жүріп жатыр екен, біраз кісі жұмыссыз қалыпты» деп отыр еді ғой.

      Көмекбай. (Арыны басылған жуастау үнмен міңгірлеп). Енді былай бірдеңе қылармыз…

      Рысты. Қой, шырағым!.. Көшсең, өзің көше бер. Мен мына жылы орнымнан ешқайда қозғалмаймын. Ұшпаққа шығатын болсақ, «Екпіндіден» көшіп келдік қой осы «Кеңтүпке» осыдан жеті жыл бұрын. Сонда да «Ойбай, «Кеңтүпке» барамыз, туып-өскен жер, ағайынның ортасы, шаруашылықтары да дүркіреп тұр» деп, желпілдеп едің. Сонда да «Екпіндінің» бастықтарымен ұстасқансың осылай. Осы сен жайыңа қарап жүре алмайсың ба басқа жұрт секілді тып-тыныш.

      Көмекбай. Мен олармен әдейі еріккеннен ұстасып жүр ме екем? Солардың өздері емес пе кісіге күн көрсетпей жүрген. Айтшы өзің, жүз жиырма мың теңге деген не мына қымбатшылық заманда. Сені мен менің екі айлық шайлығымыз. Ал жылдың қалған он айында немен күн көреміз?!

      Рысты. Онда солармен, бастықтарыңмен, арпалыс та жүр осылай! Сөз бітті, точка, нүкте!.. Мен жылы орнымнан ешқайда қозғалмаймын. Көшу оңай дей ме екен? Жайына қарап жүрмей, үнемі осы істейтіні – басын бір дау-дамайға тығады да жүреді. Жүр ғой осы ауылдың сенен басқа адамдары әп-әдемі болып тып-тыныш.

      Көмекбай. Сонда мына тап көз алдыңда жасалып жатқан әділетсіздіктерге, алаяқтықтарға, жемқорлыққа көзімізді жұмып жүре беруіміз керек пе бәріміздің? Адамшылық қайда, имандылық қайда? Әлде олардың бізге көк тиынға керегі жоқ па? Бүйте берсек, бұл ауыл бір күні сен айтқандай, әп-әдемі болып ішінен шіріп өледі. «Ауруын жасырған өледі» дегенді естуің бар шығар. Білдей онжылдықты бітірген сауатты адамсың ғой.

      Рысты. Өлсе, өмірем қапсын. Сенің не шаруаң бар-ей онда? Айтшы!.. Ақыр аяғында енді жұрттың дұрыстап «спокойно» өлуіне де мұрша бермессің сен. Сен бе, сенен бәрі шығады! Қыршаңқы!..

      Көмекбай. Мейлі, не десең, о де. Мен бәрібір шындықты айтпай тұра алмаймын. Өйткені мен айтпасам, солармен бірге мына біз де өлеміз іштей іріп-шіріп. Бүткіл қоғам іріп-шіріп, сасып кетеді.

      Рысты. (Тұлданып). Сасыса, сасысын! Көппен көрген ұлы той.

      Көмекбай. Бұл – құлдардың психологиясы. Ал құлдар мен құл иеленушілердің қоғамы әлдеқашан тарихтың бір қойнауында қалып қойған. Тіпті одан кейінгі феодализм дәуірінің де қарасы батқалы қашан. Ал, сені мен біз қай ғасырда өмір сүреміз, айтшы? XXI ғасырда! Дүние жүзіне демократия мен плюреализм кең қанат жайған гуманистік ғасырда!

      Рысты. Әй, қойшы, сен осы «демократия-семократия» деп осы үйге апта сайын буат-буат болып келетін де жататын ана газет-журналдардан жаттап алған қияли сөздеріңмен адамның басын қатырмай! Осы газет-журналдар деген де бәле болып жабысты осы үйге! Ана Астана мен Алматыдағы еріккен журналистер қайдағыны қайдан тауып алып