Рәбиғаның махаббаты. Серік Асылбекұлы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Серік Асылбекұлы
Издательство: ЛитРес: Самиздат
Серия:
Жанр произведения: Драматургия
Год издания: 1998
isbn:
Скачать книгу
барып қайтып келсем, Рәбиға еденде сұлқ түсіп, құсып жатыр… Қасында сірке суының бос құтысы… Мен қорыққаннан шыңғырып жібердім, тәрбиеші апайларға қарай жүгірдім. Одан кейінгісін несін айтам, бәрі белгілі ғой…

      Бөлмедегілер бір сәтке тым-тырыс тына қалды. Жым-жырт. Осы жым-жырт тыныштықты бірінші болып бұзуға ешкімнің батылы жетпейтіндей. Кенет есік сарт ашылып, ішке ентіге басып Роза жетіп келеді. Өңі құп-қу. Ол салғаннан біресе бөлменің орта тұсында жылап тұрған Айжанға, біресе ауыздарына су ұрттап алғандай сам-саэ болып қалған әріптестеріне – мұғалімдерге күдіктене қарайды.

      Қалаубай /қипақтап/. Айжан қарағым, сен енді боссың, бара ғой…/Айжан кетеді. Қалаубай мұғалімдерге бұрылып./ Ал енді тездетіп ауруханаға баруымыз керек екі-үшеуіміздің. Ана баланың артынан… Соған кімді жіберуді ойласқалы шақырып отырмын. Мектепте барларыңызды.

      Мұғалімдер жалтақтап бір-біріне қарайды.

      Қамқа. Өзің бастап барғаның дұрыс қой. Сосын мына Ұлықпан мен Розаның барғаны мақүл болар. Біреуі класс жетекшісі, біреуі…

      Қалаубай. /Қамқаның сөзін бөліп/. Дұрыс. Басқа ұсыныс жоқ па?

      Роза. /көздері ашу отымен жарқырап, біресе Қамқаға, біресе Қалаубайға қадала қарап алып./ Жоқ , мен бармаймын . Барғыш болсаңдар өздерің бара беріңдер, білдіңдер ме!.. Неге мен баруға тиіспін?!. /Еріндері дір-дір етіп жылап қоя береді./ Бармаймын мен!..

      Қамқа / шытынап/. Неге бармайсың? Сен бармағанда кім барады сонда?

      Роза /Қамқаға қарап шаңқылдап/. Жайыңа отыр, білдің бе? Білем сенің ойыңды! Әнеукүнгі өшіңді алмақсың ғой! Ол қыздың алдында менің ешқандай кінәм жоқ.

      1-мұғалима. Роза, қойсаңшы енді!… Сені кінәлап жатқан кім бар?

      2-мұғалима. Сен бармасаң, басқа біреу табылар, көпшілік қой.

      Роза. Керегі жоқ сөздеріңнің! Маған іштері елжірей қалғандай мүләйімси қалуларын! Ешкімнен мәміле сұрап тұрғаным жоқ. Білем, білем ғой, бәрің де бір амалын тауып мені қараламақсыңдар. Білем мен бәрін!.. /Осыны айтып, екі қолымен бетін басқан күйі еңіреп қоя береді./

      Қамқа. Мынау қайтеді-ей! Үндемеген сайын тіпті кісінің басына мініп барады ғой. Тәйт, долданба әрі! Бұл жерге ешкімнің долылығың керегі жоқ.

      Қалаубай /қаламымен үстелді тықылдатып/ Ау, ағайын, қоясыңдар ма, жоқ па?! Тым болмаса, мені сыйламасаңыздар да, мына үкіметтің кеңсесін сыйласаңыздаршы. Роза, сен былай сабырмен түсіндірші өзі… Әлгі Мадрид саған бір қағаз бергендей ме? Не қылған қағаз ол?..

      Роза /жалма-жан үстелдің үстінде жатқан қол сөмкесін ашып, ішінен бір парақ қағазды алады. Бөлмедегілердің бәрі аңтарылып оның қолындағы жұмбақ қағазға қарайды/. Мынау әлгі Жанұзақованың хаты. Қандай хат десеңіздер ғой – ғашықтық хат! Кімге дейсіңдер ғой – өзінің мұғаліміне – Мадридке!.. Ал тыңдай қойыңдар, мен оқып берейін. /Кекетіп/ Бір айыздарың қанып қалсын!..

      Қалаубай /шыдамсызданып/ Роза, бол, оқышы енді. Ырғалып-жырғалуға уақыт жоқ. Тезірек райбольницаға жетуіміз