Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный). Нариман Абылайулы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Нариман Абылайулы
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: О бизнесе популярно
Год издания: 0
isbn: 9785449831774
Скачать книгу
үйін көргенде

      Қалайша ата-анасын тастайды

      Қалайша баласын тастайды

      Қалайша біздің Жаратқан

      Көзін жұмып, қарайды

      Иә, болмас менің таласым

      О дүниеде Жаратқан

      Әр адамның ісіне

      Берер сәйкес жазасын

      Алдап-сулап бір-бірін

      Иттей болды адамдар

      Адамнан болар мейірімді

      Дала кезген жануарлар

      24/02/2013

      Адамның қоғам өміріндегі ойнап жатқан рөлін аздап суреттеп берген болатынмын, яғни олардың жасап жатқан қылықтарына қарай. Ал енді жеке адамның психологиясы мен оның мінезіне тоқталсам деп едім. Жалпы адамзат баласы өмірге келгеннен кейін өзіндің мағдайына жазылған тағдыры бар, атап айтқанда Алла Тағаланың сол адамның бұл өмірдегі уақытын қалай өткізетінін сызбасын сызады. Биологиялық тұрығдан алсақ, көбіне гендерге байланысты адамның мінез-құлқы мен өмірінде тағдырдың көріністері қайталанғандай болып, ұқсап келеді немесе керісінше болады. Мысалы әкесі елге өнегелі азамат болып, оны үлгі тұтып, жақсы сыйластыққа бөленіп жатса, ал баласы керісінше болар. Өзінің шежіресіндегі аталардың не әжелерінің біріне ұқсас тағдыр кешуі мүмкін. Сәйкесінше мінезі де, қабылдау психологиясы ұқсас болады. Тереңірек тоқталайын десем, философиядан толықтай биологияға өтіп кетемін деген ой келеді, алайда философия деген білім, ал білім деген барлық ғылымды қамту керек. Махаббат та да, өмірде де адамдар бір-бірін қабылдауы әр түрлі. Бір адамның екінші адамның психологиясын немесе бойында, ы қасиетін қабылдағысы келе бермейді, өзіңдей болғанын қалап, өзгертуге тырысады. Толерант деген сөзді терминология ретінде қарастырып, оған анықтама беріп өтейін: «Толеранттылық» (лат. tolerantia – төзімділік, көнбістік) – басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық – адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық – қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші». Сондықтан әрбір адам басқа адамның көзқарасы мен оның сезіміне, іс-әрекетіне көне білу керек, яғни қабылдай алу керек. Алайда өмірде ұрыс —керістердің көбісі осы қасиеттің болмауынан туындайды. Мысалыға махаббатта, жұмыста, үйде және тағы басқа адамдық қарым-қатынастар туындайтын кездерде байқалады. Қай жерде болмасын бір адам, екінші бір адамның психологиясына әсер ете алады және әсер етіп билік еткісі келеді. Көбіне экстрасенстер, тәуіптер, гипнозитер шарлотандар мен емшілерді мысалыға алсақ, олардың бір мықтылығы адамдардың психологиясына әсер ете алады, олар адамдардың сеніміне кіра алатындығы соншалық, олар өздерінің құлдарына айналдырып, қалағанын істете алады десем қателеспеймін. Олардың адамның психолиясныа әсер ете алу себебі, адамның мәселелеріне тоқтайды, аолар сол жайлы әңгімені құра отырып, оны тыңдай біледі, сол уақытта адам өзінің тығдарманын, әрі жан дүниесін түсінетін адам табылды деп ішіндегі бар мұңын шағып, ішіндегі