24. Жолын жалғастырған Адам-қанның жанын жалғыздық мазалайды, әбден қинала ол өзіне серік жасауға бел буады. Өз болашақ серігін өзіне ұқсайтын қылдырады. Бас, бет, құлақ, мойын, бел, табан, шектеріне дейін жасайды, тірілсін деп өз жанымен бөліседі, бірақ ол жанды жаратылыс емес аспап болып шығады. Еңбегінің нәтижесіне қанағат болмай, Адам-қан ашуланып ол аспапты лақтырып жібереді, жерге дүп деп түскен аспаптан домбыраланған дыбыстар шығады. Ерекше дыбыстарға қызыққан Адам-қан аспапты жерден алып «домбыра» деп атап, шектерін тартқаннан төгілгенүнге ерекше толқып, аспапта ойнай бастайды. Өз ойынымен жалғыздық күйін сыртқа жар салады. Домбырадан төгілген күйді естіген әр жаратылыс Адам-қанның жан жалғыздығын сезеді. Төгілген күйді Ұмай-енеде естиді. Күйдің әсері соншалықты ол Адам-қанды аяп, оған серік болсын деп әйелді жаратады. Әйел жалғандағы Ұмай-ененің кейпі. Тұңғыш әйелде есім болған жоқ, бірақ шежірешілер оны «келін» деп атады, өйткені ол Адам-қанға серік болу үшін, өміріне келуші болып табылады. Адам-қанның өміріне әйелдің келуін «бет ашар» салты суреттейді.
25. Адам-қанның өміріне әйел келгенннен оның өмірі бақытқа толды, және бұл бақыт мәңгі болатындай еді. Бірақ бір уақытта жалғыз жүрген әйел алма ағашқа келеді. Қызарған алмаларға қызығып қараған әйелді көрген жылан оны алманы жеуге азғырады. Ақ көңіл әйел жыланның сөзіне көніп, алмадан дәм татып, Ұмай-ененің тыйымын бұзады. Соған жаза ретінде Ұмай-ене жер-жәннәтті жер-табиғатқа айналдырады. Адам-қанды мәңгі өмірінен айырды, ал оның ұрпағын жалғастыру әйелге жүктелді. Кейбір шежілелерде бұл тыйымды салғанда, оны бұзған үшін жазалағанда жаратқан Тәңір деп айтылады. Бұны түсіну үшін, білу керек, Ұмай-ене ол Тәңірдің жалғандағы елшісі және оның әр ісі Тәңірдің бұйрығы.
III. Қам-баба
26. Жер-жәннәт жер-табиғатқа айналған соң, Адам-қан мен әйел ұрпақ жалғастырып тіршілігін жасады, және оларға бөлінген уақыт біткен кезде Тәңірге қайтты, ол адам баласы ұрпақтан ұрпаққа көбейіп үлкен халыққа айналды.
27.