– Адамның таза жүргеніне несі бар?… Ол тек қана намаз оқитын еді ғой! Қайда, ол қайда? Қайда? – деп анасы Нәсіпке қосылып, қатты айғайлады.
– Әәә, бәрің бір жерден шыққансыңдар! Мынау сенің кенже балаң ба? – дейді де Қуандыққа жақындап келіп, пышақпен мойнын кереді.
– Тиіспе оған, ол әлі бала! Керек болса, мені ал! – деп Нәсіп алдына тұра қалады.
Шыдамы шыққан Қаламқас шыңғырып, алдына шығып, Ңәсіптің аяғын құшақтайды.
– Ай…, – деп НКВД адамы қолын сілкіп, – жарайды, түк тапқан жоқпыз, – деп басын шайқап, адамдарын алып, шығып кетеді.
Нәсіп мазасызданып, «бұлай болмайды, азанда жиналып, кету керек, енді келсе, бірінен соң бірімізді әкетеді» деп ішінен ойланып, уайымдағаннан еқі қолыменен басын қысып, жерді бір соғады. Солай түні бойы ойланып, ұйықтай алмайды.
Таң атты. … Қаламқас тұрса, Нәсіп жоқ! Далаға шығып қараса, ыдыстарды суға толтырып, арбаны дайындап жатыр екен. Қаламқас бәрін бірден түсініп, шаңырағына қарап, үйімен іштей қоштаса бастады. Үйге кіріп, сандықтан киімдерін шығарып, басындағы орамалын ауыстыру үшін кішкентай айнаны алып, үлкен қара көзі мен жүдеп қалған екі бетіне біраз қарап отырады. Дорбасындағы білезіктері мен сырғаларын алады да, сандықты жапты.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.