Қымыз. Қысыр бие қымызынан ашығанда үш тостаған ішсе, құрқұлақ сырқатын айықтырымға алғысты болмақ» (Сонда. 396-397-беттер, шамамен 5 мың рецепт сақталмаған).
Сөз орамдары:
Алмауыт мініп бір жат қайырылмақ (ат үстінен көкке қарау), айтпағы шарттық (айтпаса болмайтын), ескерме болмаулық (байқамаса болмау), ес тоқтатпақ (есінде, жадында сақтау), кешігірлік ая (тәжірибе мөлшері), май толғылық (майлану, етею, семіздік), ой тапсырғы (көңіл бөлетін), өнеге сөйлемелік (мақал-мәтел, ғақлия сөз), өнеге сөйлемелік тайласқы (сөз таластыру), салмағымдық түсіргі (салмақ түсіру), төбе басқылық (төбесінен түсу), шопан үсті бозторғайға ұялық болмақ (қой үстіне бозторғай жұмыртқалау), т.б.
Мақал-мәтел үлгілері:
Айтақ атасыз, ұзатқылық алғы батасыз (Итте ата жоқ, күйеуде бата жоқ).
Әке көрген оқ жонбақ, шеше көрген тон пішпек (Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер).
Есі бар ел табар (Есі бар жігіт елін табар, есі жоқ жігіт жаттың отын жағар).
Қартайғы бір балалық, туылғы нақ балалық. (Туылғанда бір бала, қартайғанда бір бала).
Құрсақ құрыстырғы іштек өткі өрле, тамақ тыймаулық апармақ көрге. (Ішің ауырса – тамағыңды тый).
Сөйлемелік екі қайқы болса, ер емес, ез. (Екі сөйлеген ер болмас).
Төкір шәушіл аржақтағыш (Ақсақ иттің көңілі ар жақта).
Түйе берсе, түймек қысқарар (Ұзын арқан көген бұршақтап түйе берсе, қысқарар).
Шал қатын алғылық білгі емес, мал алғылық білгі (Шалекең алмайды, малекең алады).
Шарасыз пенде күлерлік, қысылған айтақ үрерлік (Адам қысылса – күледі, ит қысылса – үреді).
Шығармада «жетіге тиіспеу», «қырық бірге жұғыспау», «он екіден айырылмау» сияқты өнеге-өсиет, ырым-тыйымдар тізбегі берілген. Мұны шипагер дәурендеу, бақытты өмір сүру заңы, аман-есендік шарты ретінде ұсынуды жөн көрген. (Сонда. «Ұшынымдар» деген тарауда, 113-115-6.).
Жетіге тиіспеу:
1. Көктемде көктеп келе жатқан өскінге (өсімдікке) тиіспеу.
2. Көктемде көбеймелі жорғаламаларға (бауырымен жорғалағышқа) тиіспеу.
3. Көктемде көрінген қорғалағыштарға (балапанға) тиіспеу.
4. Көктемде көз ашпаған шикілікке тиіспеу.
5. Қай-қашанда қонжатқа (қонаққа) тиіспеу.
6. Қай-қашанда көршіге тиіспеу.
7. Қай-қашанда елшіге тиіспеу.
Қырық бірге жұғыспау:
1. Ордалы сумаңға (жыланға) жұғыспау.
2. Қордалы қынамаға (құмырсқаға) жұғыспау.
3. Жалғыз ағашқа жұғыспау.
4. Иендегі жалғызға жұғыспау.
5. Суық торғайға жұғыспау.
6. Алдан өткен абаданға (арлан қасқырға) жұғыспау.
7. Елден кеткен забажанға (ауғанға) жұғыспау.
8. Пәлелі өртке жұғыспау.
9. Шығулы бетке жұғыспау.
10. Жаралы жыртқышқа жұғыспау.
11. Қаралы елге жұғыспау.
12. Ашынған долыға жұғыспау.
13. Ашыққан ұрыға жұғыспау.
14. Даралы жерге жұғыспау.
15. Дастарқанға