Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2014
isbn: 978-601-04-0597-4
Скачать книгу
де қарап отырған жайы бар. Мұндай кездерде халықаралық норма үстемдігін енгізудің де артықшылығы болмас еді. Үміттің бір ұшы, әрине, бізге артулы.

      Күрделі жағдайда этникалық санасын жоғалтып алмаған осынау халық бізге, қазақтарға келгенде, ерекше ілтипат көрсетеді, ағаш уықты, киіз туырлықты бір елміз деп арқа тұтады. Біздің егемендік қадамдарымызға өзімізден кем қуанбайды. Жәлил Киекбаев тойы үстінде осы сезімді башқұрттың белгілі қобайыршы қызы Розалия Сәлемгереева маған өлең жолдарымен білдірді.

      Қазағстан иле минең

      өсөн ярты бауырым,

      думбрамдың бер қылы.

      Көбайларымдың бер һузе,

      иманымдың бер тамыры.

      Исән булһын илең,

      Исән булһын башқорт иле. -

      Исән булһын қазақ иле, -

      Бөтөн булыр шәрек курке

      Ике ил исәнлеге -

      Матурлик именлеге (тыныштығы).

      Міне, башқұрт бауырлардың біздер жаққа осылай елеңдеген сыңайы бар.

Аманжолов С. Түркі филологиясының негіздері.– Алматы: Мектеп, 2012. – 26-30 б.

      ТҮРІК ЕЛІНЕ, ТҮРІК ЖЕРІНЕ РИЗАМЫН

      1993-1994 оқу жылында мен Түркиядағы Қаратеңіз техникалық университетінде лекция оқып, бір жыл шамасында сол жақта болып қайтқан едім.

      Шынымды айтсам, осы бір сапарды отыз жылдан астам уақыт арман еттім. Оған себеп болған менің 1957 жылы Мәскеу университетінің жанындағы Шығыс тілдері институтының түркі тілдері бөлімін бітіруім болса, екінші себеп – оқу бітіргеннен кейінгі уақытта да түркі тілдерінің қыр-сырын зерттеу үстіне зерттей түсуім болса керек. Түркияға барып еңбектенгім келсе де, өкінішке орай, ол кезде бұл мүмкін болмады. Академиядағы Тіл-әдебиет институтына жұмысқа орналасқаннан кейін-ақ көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеумен айналысып, Оңтүстік Сібір, Моңғолия, Қазақстан жерлерін араладым, еңбектер жаздым. Сол кездерде түрік ғалымдарының еңбектерін оқып, көп таңданатын едім. Олардың соңғы жарты ғасыр ішінде Еуропа ғалымдарымен тығыз байланыс жасап, өздерінің ағылшын, неміс, француз тілдерінде жаза алатындықтары қызықтыратын. Бұл ғалымдардың бірсыпырасы Америкада, Англияда, Германияда білім алған, диссертация қорғаған.

      Мен отыздан астам жыл бойы түрік ғалымдарымен хат арқылы ғана пікір алысып тұрдым. Талай рет түрік еліне үлкен басқосуларға шақырылдым. Амал қанша, ол жаққа жолым түспей-ақ қойды. Әртүрлі жайлар кедергі болды.

      Түркиядан келген шақыруларға байланысты Оқу министрлігі қажетті құжаттарымды жинақтатып, оны Мәскеуге жолдайтын. Сапар сәті енді келер деп үміттеніп жүргенімде, Мәскеу жақтан жайсыз хабар жетіп келеді. Не құжаттарым кешігіп жеткен болады немесе қаржы жоқ деп сылтауратады, әйтеуір, осылайша менің тауым үш рет шағылды. Сөйтіп жүргенде, 1982 жылы мен Стамбұлдың өзіне барғандай әсерде болдым. Оның себебі – сонда өткен үлкен басқосуда менің жолдаған баяндамам өте жақсы аталыпты. Оны соған қатысып келген ғалымдар айтты.

      Еліміз 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан соң, біраз