Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: А. Турлыбекова
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Учебная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-0713-8
Скачать книгу
қалай түсінесіз?

      14. негізгі бағалы қағаздың түрлерін атаңыз.

      1-тапсырма. Термин – анықтама

      Сол жақ бағандағы терминді оң жақ бағандағы анықтамамен сәйкестендіріңіз.

      2-ТАРАУ

      БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ЭМИССИЯЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

      2.1 Бағалы қағаздарды шығару проспектісін дайындау

      Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісі – эмитент, оның қаржылық жай-күйі, эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемі, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, оларды шығару, орналастыру, айналымда болуы, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтер және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешіміне ықпал етуі мүмкін басқа да ақпарат бар құжат.

      Эмиссиялық Бағалы қағаздар шығару – эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық құқықтар объектісі ретінде пайда болуына бағытталған іс-әрекеті немесе орналастырылуы, айналымда болуы және өтелуі осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес жүзеге асырылатын белгілі бір бағалы қағаздардың жиынтығы.

      Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жарияланған жарғылық капиталды құру және өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында эмитент жүргізеді.

      Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісінде:

      1. эмитент пен оның қызмет түрлері туралы;

      2. эмитенттің жарғылық капиталындағы үлестің он және одан да көп процентіне иелік ететін ірі акционерлері және қатысушылары туралы;

      3. басшы қызметкерлер, олардың лауазымдары туралы соңғы үш жылдағы мәліметтер, сондай-ақ эмитенттің орналастырылған акцияларының оларға тиесілі саны (жарғылық капиталындағы үлестерінің мөлшері) туралы мәліметтер көрсетіле отырып, эмитент органдарының құрылымы туралы;

      4. баланстық құны көрсетіле отырып, эмитенттің активтері туралы, эмитенттің өзі өндіретін немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жалпы құнының бес және одан да көп процентін құрайтын көлемдегі тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылары және жеткізіп берушілері туралы;

      5. эмитенттің мүлкін бағалау туралы (қамтамасыз етілген облигациялар шығарған кезде);

      6. кредиторлардың (дебиторлардың) тізбесі көрсетіле отырып, эмитент активтерінің баланстық құнының бес және одан да көп процентін құрайтын кредиторлық және дебиторлық берешектер, оларды өтеу мерзімдері туралы;

      7. эмитенттің аффилирленген тұлғалары туралы;

      8. жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрі, төлеу тәсілдері, бағалы қағаздар бойынша кіріс алу, оның ішінде облигациялардың нақты құны, олардың айналым мерзімі және өтелу тәртібі туралы;

      9. бағалы қағаздарды (айырбасталатын бағалы қағаздар шығарған кезде) айырбастау тәртібі туралы;

      10. облигация ұстаушылардың өкілі туралы (инфрақұрылымдық, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигациялар шығарған кезде);

      11. төлем агенті туралы;

      12. эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізімдері