Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: А. Турлыбекова
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Учебная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-0713-8
Скачать книгу
қағаздарды жеткізуге байланысты міндеттеменің орындалмауы жағдайында туындайтын тәуекел.

      Төлем тәуекелі – бағалы қағаздармен жасалған операциялар бойынша төлемнің жүргізілмеуіне байланысты.

      Клирингтік тәукел – таза позицияны есептеуге, ақшалай қаражаттарды аударуға, клирингтік жүйенің қызмет етуіне байланысты туындайды.

      Операциялық тәуекел – бағалы қағаздармен жасалған операциялардың технологиясының бұзылуына, техникалық қызметкерлердің біліктілігінің болмауына байланысты.

      Аударым тәуекелі – айырбасталатын валютада сатып алушылардың сатушыларға ақша қаражаттарын аударуға байланысты туындайды.

      Тәжірибеде бағалы қағаздардар бойынша табыстылыққа баға беру үшін тәуекелдердің түрлерін оның салдарын зерттеп, талдау жұмыстарын жүргізу қажет. Сонымен қатар, инвесторлар бағалы қағаздар нарығында тәуекелдің алдын алу үшін талдау жұмыстарын жүргізеді.

      3.6 Бағалы қағаздар нарығын талдау әдістері

      Бағалы қағаздар нарығы ойдағыдай қызмет етуі үшін бағалы қағаздардың инвестициялық тартымдылығын бағалау қажет. Бұл бағалы қағаздар нарығында фундаменталдық (түпкілікті) және техникалық талдаулар арқылы жүзеге асырылады.

      Түпкілікті талдау эмитенттің табысын, сату көлемін, активі мен пассивін, меншікті капиталға қатысты пайдасын және менеджменттің деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерге баға беруді білдіреді. Талдау көзіне эмитенттің пайда немесе зиян туралы есебі, балансы және өзге құжаттары жатады.

      Талдаудың бұл түрі жан-жақты әрі еңбекті көп қажет ететін зерттеулерді жүргізуді, мәліметтер базасының болуын қамтамасыз етуді және қаржыландыруды талап етеді. Түпкілікті талдаудың көмегімен, болашақта бағалы қағаздың құнын анықтайтын табысқа болжау жасалады. Осының негізінде бағалы қағаздарды сату және сатып алуға қатысты мақсатқа сай ұсыныстар жасалады.

      Бағалы қағаздар нарығындағы аналитиктер түпкілікті және техникалық талдаудың нұсқаулықтарын пайдаланады. Бірақ түпкілікті талдауға қарағанда техникалық талдаудың нұсқаулықтары кеңінен қолданылады.

      Дегенмен, техникалық талдау ұзақ мерзімге қор нарығының бағаларына болжам жасай алмайды, сондықтан түпкілікті талдаудың мәліметтерін ескеру қажет. Түпкілікті талдаудың нұсқаулықтарына қарағанда техникалық талдаудың нұсқаулықтары кез келген тұлғаға түсінікті.

      Түпкілікті талдаудың нәтижесі бюллетень, есептілік және әртүрлі формада рәсімделген қор нарығының тауары болып табылады. Бұл мәліметтерді бағалы қағаздар нарығының қатысушылары өздерінің мақсаттарына қарай пайдалана алады.

      Түпкілікті талдаудың негізгі бағыттары:

      1. Макродеңгейде талдау жүргізу, яғни инвестициялауға қолайлы жағдайларды анықтау үшін, әлемдік экономиканың және жекелеген елдердің экономикалық жағдайы толығымен қарастырылады. Жалпы экономикалық жағдайларды анықтау барысында мынадай көрсеткіштер қарастырылады: өндірістің көлемі, жұмыссыздық деңгейі, экономикалық