Банктік тəуекелдер жəне оны басқару. Нұргүл Керімбекова. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Нұргүл Керімбекова
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Банковское дело
Год издания: 2013
isbn: 978-601-04-0018-4
Скачать книгу
бағытталған әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.

      Банктің несиелік тәуекелін басқару функциясы келесі жоспар бойынша жүргізіледі:

      1. Несиелік портфельді басқару.

      Несиелік портфельді басқарудың ортақ шарттары келесідей:

      1) қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктің лимиттерін белгілеу;

      2) несиелік рейтингпен байланысты болатын жекелеген қарыз алушының тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекел талдау формасын жасау;

      3) әртүрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;

      4) төменгі тәуекел деңгейі бар маңызды салаларды анықтау;

      5) жоғары тәуекелі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;

      6) несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.

      Тәуекел дәрежесіне қарай несиелер былай жіктелініп, оларға қарсы провизиялар құрылады:

      1. Стандартты несиелер – қайтарылу уақыты жетпеген, қайтарылымында ешқандай күмән жоқ несиелер.

      2. Күмәнді несиелер – қайтарылу мерзімі ұзартылған, қайтарылуында күмән бар несиелер:

      A) күмәнді 1-категория – қайтарылу мерзімі 30 күнге дейін кешіктірілген, қайтарылу мерзімі бір рет ұзартылған, банкке біршама тәуекел әкелетін несиені білдіреді. Мұндай несиенің түрі бойынша негізгі қарыз сомасынан 5 % мөлшерінде провизия құрылады;

      Б) күмәнді 2-категория % қайтарылу мерзімі 30-60 күнге кешіктірілген, мерзімі бір реттен ұзартылған, банк үшін тәуекел тудыратын несиені білдіреді, мұндағы провизия сомасы 20 % мөлшерінде;

      B) күмәнді 3-категория % қайтарылу мерзімі 60-90 күнге дейін кешіктірілген, мерзімі бірнеше рет ұзартылған, банк үшін тәуекелі жоғары несиені айтамыз, провизия сомасы 20 % көлемінде;

      Г) күмәнді 4-категория % қайтарылу мерзімі 90-120 күнге кешіктірілген, мерзімі бірнеше рет ұзартылған, банк үшін үлкен тәуекел тудыратын несие, провизия сомасы 25 % сомасында;

      Д) күмәнді 5-категория % қайтарылу мерзімі 120-150 күнге кешіктірілген, қайтарылу мерзімі бірнеше рет ұзартылған, тәуекелі банкке жоғары болып келетін, провизия 50 % көлемінде құрылған несиелер.

      3. Үмітсіз несиелер – қайтару мерзімі 180 күнге дейін және одан жоғары мерзімге кешіктірілген, банк үшін өте қауіпті, яғни пайдасы есебінен жабылатын, 100 % мөлшерде провизия құрылатын несиені айтамыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің несие бойынша провизияларды құру мен заңды және жеке тұлғаларға ұсынылған несиелердің жіктелінуі 1-кестеде көрсетілген.

      Банк салымшылар мен акционерлер алдындағы міндеттерін орындай отырып банктің несиелеу функциясы келесідей үш міндетке бағытталуы керек:

      – ссудаларды оның қайтарымдылығына сенімді болған жағдайда ғана беру керек;

      – акционерлер мен салымшылардың қызығушылығын оятатындай ақша қаражаттарын тиімді инвестициялау;

      – несиеге деген экономикалық сұранысты қанағаттандыру.

      2. Несиелік процесті талдау.

      Несиелік процесті талдаудың басты мақсаты – несиелеу процесі мен оның шарттарына дәйекті түрде бағалау жасау. Басқа сөзбен айтқанда, несиелік процестің қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанын, жүргізіліп жатқан