Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Бақыт Бөжеева
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1713-7
Скачать книгу
Испания корольдігіне ресми сапары болды.

      28-30 наурыз. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясына бірінші арнайы сапары орын алды. Президент Н.Ә. Назарбаев Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзінде Еуразиялық одақ идеясын ұсынды.Ресми сапар барысында екіжақты ынтымақтастықтың түрлі жақтарын реттейтін 23 құжатқа қол қойылды: Қазақстан мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастық пен интеграциясының әрі қарай тереңдеуі туралы келісім, «Байқоңыр» космодромын қолданудың негізгі принциптері мен шарттары туралы келісім, Екінші тараптың аумағында тұрақты тұратын Қазақстан мен Ресей азаматтарының азаматтық және құқықтық статустарымен байланысты мәселелерді реттеудің негізгі принциптері туралы меморандум және т.б.

      6-9 сәуір. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары өтті. Сапар барысында Жапония Императоры, премьер-министрі, саяси қайраткерлер және елдің іскер топ өкілдерімен кездесті. Сапар нәтижесінде бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

      12 сәуір. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Австралия генерал-губернаторы Уильям Джордж Хэйденмен кездесті.

      21 сәуір. Президент Н.Ә. Назарбаев Алматы қаласында адам өлшемі мәселелеріне қатысты семинарына келген ұлттық азшылықтар ісі бойынша Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің жоғарғы комиссары Макс ван дер Стулды қабылдады.

      23-27 сәуір. Алматыда мәдени ынтымақтастық бойынша қазақстандық-германдық аралас комиссияның отырысы. Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы үкіметтері арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы келісім парафирленді.

      25-28 сәуір. Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңес премьері Ли Пэннің Қазақстанға ресми сапары. Келіссөздер барысында Н.Ә. Назарбаев пен Ли Пэн Қазақстан-Қытай шекарасы жөнінде, Қытайдың Қазақстанға мемлекеттік несие беру және гуманитарлық көмек беру, халықаралық жүк және жолаушылар тасымалын дамыту және тағы да басқа келісімдерге қол қойды.

      30 сәуір. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасында Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі шартқа қол қойылды.

      30 сәуір. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қ. Саудабаевтың Сауд Арабиясына ресми сапары. ҚР мен Сауд Арабия корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылуы туралы хаттамаға қол қойылды. Қазақстандық министрді Король Фахд қабылдады.

      14-16 мамыр. Қазақстан Республикасы премьер-министрі С. Терещенконың Иран Ислам Республикасына ресми сапары. Екі ел арасындағы көп саладағы ынтымақтастықты қамтитын үкіметаралық құжаттарға қол қойылды. Әрі қарай ынтымақтастықтың дамуы туралы меморандумға, Азаматтардың өзара сапарлары барысындағы визаларды рәсімдеу тәртібі туралы меморандумға, Қазақстан Ұлттық банкі және Иран Орталық банкі арасындағы