Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Историческая литература
Год издания: 0
isbn: 9785005549495
Скачать книгу
Енді тұрып өкінді. Алдында Әлпейістен екі жүз жылқы сұрамаған екенмін деп ойлады. Соған өкінгендей болып келген Шоң үйіне. Сөз бастаған.

      – Әлгінде маған Әлпейіс келді. Үй құнына жүз жылқы беремін дейді. Мен оған келіскім келмей отыр. Екі жүз жылқы сұрасақ қайтеді?

      – Телқозы, екі жүз жылқы көптеу болады. Сол жүз жылқысын ала бер. Мен келесі жылы ол жылқыларды базарға сатқызып үйді қайыра салғызамын. Сол дұрыс. Әйтпесе, жұрт құлағына тиіп, Шоң Әлпейістен өртенген үйі үшін екі жүз жылқы алыпты дейді. Ондай сөзді естігім келмейді. Ол да соны ойлап отырған болуы керек.

      Шоң мына істі қалың елге Әлпейіс үй өртеді деген сөз жайылып кетпесін деп әдейі жасап отырғанын білді Телқозы. Онысы дұрыс деп ойлаған. Болысқа ерегісіп үйін өртеп кетті деген сөз жаман екенін ол да сезіп отыр еді.

      Ертеңіне Шоң да, Телқозы да үй балалардың тастаған шырпысынан өртеніп кетті деп жүрді. Ел бұған сенді. Содан ба, болыс үйінің өртенгеніне айтар сөзі жоқ ел онша мән бермеген еді. Әлпейіс ешкімге сездірмей Телқозыға жүз жылқыны айдап әкеп берген. Бұл туралы үшеуінен басқа тірі жан білген жоқ. Шоң үлкен күлкіден, Әлпейіс соттан арашаланып қалды. Телқозы жылқылары тағы жүз жылқыға көбейді. Жүз емес, тағы біраз жылқы қосылды. Ағайындық көмегіміз деп ел тағы да біраз жылқы әкеп берді Телқозыға. Ол Шоңға сездірмей, оларды ала берді.

      Шоң үй өртенген Жартоғайды сәтсіз жер деп есептеп, өзінің ежелгі қонысы Қызылағашқа көшіп келген еді. Енді келер жылы үй салуды басқа жерден бастаймын деп жүргенде бас ауруы күшейіп, кейінге сырғыта берді. Сөйтіп, жаңа үй салынбай қалды. Шоңның қалған өмірі Қызылағашта өтті.

      Ояздың өлімі біреуге қуаныш, біреуге қайғы әкелді

      Шоң Карбышевтің тапсырмасы бойынша казак-орыстарды шығарып салған соң Ақмолаға жақын жердегі оның әйелі Қалимашқа барып қайтқан. Оған күйеуінің Санкт-Петербургке кеткенін айтқан: «Ол сол жақтан біржола келмесе де ризамын». Шоң оның бұл сөзіне түсінбеді. Пәлен жыл бірге тұрған күйеуіне сондай ұшқары сөз айтқанына ренжіп қалды. Содан Шоң Қалимаштан сұраған еді: «Семен Иванович сенің пәлен жыл бірге тұрған күйеуің, бұл сөзді қалай айтасың».

      – Екеумізді байластырып тұрған жалғыз бала еді. Ол жақында Балқан түбегінде болған бір соғыста қайтыс болыпты. Маған әйелі жазған хатты Герасимов әкеп берді.

      Содан Шоң ештеңе айтпай қайтып кеткен. Жолай қаладағы Герасимовқа жолықты. Ол айтқан: «Енді ана әйел Карбышевті маңайына жуытпас. Семен Иванович оны қатты сүюші еді. Енді жағдайы қалай болады екен». Шоң Қалимаш аузынан әлгі сөзді естігенде ештеңе айтпастан аулына қайтып кеткен. Арада бір жарым ай өткенде Ақмоладан жолшы келді. Ол Герасимовтың шақырып жатқанын айтқан. Шоң хабарды алысымен Ақмолаға тартты. Герасимов Шоңға барлық жағдайды баяндады: «Қалимаш үйіне жуытпай, Карбышев қаладағы үйінде жатыр. Саған Карбышев хабар бер деген соң, ана татарды мен жібердім. Сенімен сөйлесетін сөзім бар дейді». Екеуі Карбышев үйіне келген. Ол төсекте жатыр екен. Жастығынан басын көтеріп, сөйлесуге шамасы келмеді. Осыдан-ақ Шоң оның қатты ауру екенін