Таңсық перзенті. З.С. Қағазбек. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: З.С. Қағазбек
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Биографии и Мемуары
Год издания: 0
isbn: 9785449382979
Скачать книгу
p>Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

      З. С. Қағазбек

      ТАҢСЫҚ ПЕРЗЕНТІ

      «Кіндігімнің жас қаны

      Тамған жері ауылым»

      …

      «Жусаны мен жуасы

      Бұрқыраған ауылым»

      (Базарбаевтың әнінен)

      Алғы сөз орнына Бөдес, оның туған бауырлары, қарындасының әкесі Малай ата туралы бір-екі ауыз сөз айтуды жөн көрдім.

      Малай ата Таңсық аймағының ардақты азаматы, аяулы перзенті. Малай Біткенбай ұлы ерлік пен өрліктің, парасат пен ақылдың, ұждан мен намыстың көк байрағын биікке желбіреткен азаматтың есте қалары даусыз.

      Малай ата туралы Оразбек Бекбосынның «Су ағасы – Жақсылық», – атты кітабынан үзінді берейін: «Малай Біткенбайұлы 98 жасында 1973 жылы қайтыс болды. Ел ішінде, ағайын арасында өте сыйлы еді.

      Көп сөйлемейтін. Жасында қайратты болған. Қолы шебер еді. Колхозда ұсталық етті. Ертеде Қараауыз елінің жылқысын Берліке деген елдің адамдары түнімен аңдып, таңға жақын күзеттегі Таяқбекті ұрып жығып, серіктестерінің басын жарып, үйір жылқыны айдап кетеді. Ауылда бір ғана бәйге атты арқандап ұстап отырса керек. Одан басқа ат болмаған соң ауыл адамдары түйе, өгіз мініп жылқының артынан қуады. Жылқы алушыларда бір мылтық болыпты.

      Құғыншыларды күтіп алады. Әлгі бәйге атпен жетіп барған жігітті ырық бермей қуып тастап, ол қайта-қайта түйе, өгіз мінгендерге келіп тығылады. Сонда ауыл адамдары; «Астындағы атыңды Малайға міңгіз», – деп шулайды.

      Астындағы түйесін тастап атқа мінген Малай әлгі бір топ адамды қуып жете бергенде мылтықты басшысы: «Атамын!», -деп айғайлайды. Сонда Малай сөзге айналдырып, «Не болды, неге атасың?», -деп жақындап барып қас-қағымда мылтықты сойылымен қағып жіберіп, анандай жерге ұшырып түсіреді.

      Сойылын қайта сілтегенде өзін аттан түсіріп, оның мінген атын артында келе жатқандарға ұстата береді. Сонымен он бес шақты адамды біріне соң бірін ұрып түсіріп үйір жылқыны аман-есен алып қалыпты».

      Қымбатты менің туысқандарым, бауырларым!

      ТАҒЫ ДА БІР ЕСІМЕ САҚТАҒАН ӘҢГІМЕЛЕРДІ ТАРҚАТУҒА ТУРА КЕЛІП ТҰР

      Бастау

      Менің жасым тоқсанға таяп келе жатыр, осы әңгімені жазып үлгерсем бе деп едім. Мен жазушы емеспін, тек ойыма сақтаған ата-аналарымнан, үлкендерден естігенімді, өзімнің бала кездегі көргенімді, білгенімді айтып, туысқан арасында кейбір ұмытпайтын игі жақсылықтар кейінгі жастарға қалса деймін. Мен жазып қалдырамын, бірақ сөз ұйқасы, тіркесі келмей жатса, кешірерсіздер. Өйткені 35 жылдай мектепте жоғары сынып оқушыларына орыс тілі және әдебиетінен сабақ бердім. Кейбір сөздер келмей жатса түсіністікпен қарар деген үміттемін. 1986 жылғы оқиғадан кейін қазақ жазушылары мен ақындардың еңбегін оқи бастадым.

      Ал менің айтпағым: «Мен өз туыстарым туралы азды-көпті жазғанмын. Ал ендігі әңгіме менің нағашы бауырларым: Малаев, Біткенбаевтар туралы айтқым келіп еді.

      Біздің Таңсық деген мекеніміз Аягөз өзенінің жағасында, өлкеге таяу, табиғаты сұлу жер. Ауылдан 2—3 км қашықтықта Қозы Көрпеш-Баян Сұлу бейіті орналасқан. Ауылға барған сайын махабатты құрметтеген ескінің көзі, аруақ орнына барып, құран оқытып қайтамын.

      Қазақтың аса дарынды ақыны Мұқағали Мақатаев Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуға өте бағалы өзінің өлеңін арнады. Ал Семей қаласының әнші-композиторы Тұрсынғазы осы өлеңдерге ән жазды. Сол өлеңнің төрт жолы кесененің алдында гранит тасқа жазылыпты. Онда былай дейді:

      Жол түсіп, достым,

      Таңсыққа барсаң тегінде,

      Бір соқпай кетпе молаға сонау көрінген.

      Қасқайып тұрған қазақтың сонау төрінде,

      Бабалардың махаббаты көмілген.

      Мен елімнен 1943 жылы 12 жасымда кеттім, бірақ туған Таңсығымды, топырағымды, ешбір елдің жер-суына айырбастамаймын. Әр уақытта барып, жерімді, Отанымды көріп, мауқымымды басып тұрамын.

      Менің әкем, жақын туысқандарым, ең үлкен ағам Мұқаметқазы, тәтем Оразай, нағашыларым, әкемнің туған жиендері: Ахмет, Кабира тәтем, Кулян, Мұрат жерленген зиратқа құран оқытып қайтамын. Топырақтары торқа болсын!

      Менің әкем Жәнібек-Бөдес ұрпағы Жәнібек, Бөдес батыр, олардың баласы Шымболат Абылай ханның сарбаздары болып, қалмақпен соғысты. Абылайдың оң қолында жүріпті.

      Ал әкем орташа шаруа екен, өзінің етінің тірлігімен бала-шағасын асыраған екен. Әкем Қараауыз ішіндегі Малай ақсақалмен ерте жас бозбала кезінен дос екен. Алғашқы әйелі алғашқы баласын босанғаннан кейін, ұзақ науқастанып, ақыры қайтыс болыпты. Марқұмның артында ұл бала, кішкентай Мұқаметқазы қалыпты. Ауызданбай қалған баланы әжесі бауырына басып, өз баласындай тәрбиелеген.

      Әкем жесір қалғанда досы Малай өз қарындасын әкеме ұзатыпты. Ол уақытта қалың малсыз шаруа бітпейді ғой, құда түсіп, Малайдың әкесі би Біткенбайдың 16 жастағы Жамал деген қызын менің әкемнің отауына келін қылып түсіріпті.

      Смағұлдың кішкене