Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. Т. Омарбеков. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Т. Омарбеков
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Учебная литература
Год издания: 2016
isbn: 9786010410534
Скачать книгу
рып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашанда естен шығармауы керек.Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауыз бірлігі берік халық ғана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты дәлелдеп берді. О бастан-ақ, сондықтан да, рулар тайпаларға, тайпалар одақтарға, ал тайпалық одақтар елге, халыққа айналу үшін үздіксіз күресті, жан алысып, жан берісті. Өйткені халық болып қалыптаспай тәуелсіздікті баянды түрде қолда ұстап тұру да мүмкін емес еді. Мұны бұрынғылар жақсы түсінді. Сондықтан да, біздің, қазіргі тәуелсіз еліміздің аумағында ерсілі-қарсылы көшіп жүруге мәжбүр болған ежелгі сақтар мен сарматтар, ғұндар мен қаңлылар және байырғы үйсіндер белгілі бір аймақты ұстап қалуға, өздерінің арғы түріктік (прототүріктік) тілдерін, дәстүр салттарын, діни ұстанымдары мен өзіндік ділдерін сақтап ғана қоймай, оларды ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалдыру үшін де үздіксіз күресті. Айтарлықтай ұзақ мерзімді қамтыған осынау көп қырлы этно-саяси үрдістердің ұмтылысы ақырында, түрік тілдес халықтардың ұйыса да, ынтымақтаса түсуіне алып келулері керек еді. Солай болды ды да.

      Біздің заманымыздың V ғасырының орта шенінде тарих сахнасына тәуелсіз ел болуды көксеген түркі тілдес тайпалардың бірлестіктері шықты. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның көркеюі үшін күресіп жатқан біздер, солардың ұрпақтарымыз, солардың арман-тілегін жүзеге асырушылармыз. Мұны біз сондықтан да, ешқашан да ұмыта алмаймыз. Түркілердің ынтымақшыл тәуелсіздік жолындағы күресі әртүрлі қағанаттар құру барысында көрініс беріп, болашаққа деген құштарлықтың тағлымды үлгісіне айналды. Монғол деген қуатты ел тарих сахнасына көтерілмей тұрып-ақ, тәуелсіздікке ұмтылған бабаларымыз өздерінің мемлекеттік бірлестіктерін ұйыстыруды қолға алған еді. Бұл ұмтылыс ортағасырларда Алаш қауымдастығының қалыптасуына қажетті мықты этно-әлеуметтік негіздерді қалады. Қазіргі шұғылалы тәуелсіздікке біздер әртүрлі саяси Ордаларға бірігуге, ең соңында Қазақ хандығын қалыптастыруға белсенді түрде атсалысқандықтан ғана қол жеткіздік.

      Арналы ұлы өзеннің тәуелсіздікке деген жойқын талпынысы Ресей тәрізді ұлы империяның билігі, Кеңестер одағы атты ұлы империяның құрсау шеңберін де талқандап, алға озды. Осындайда тәуелсіздікті басты бағдар еткен тарихтың ағысының қуаттылығына, алған беттен таймас қайсарлығына еріксіз бас иесің. Көріп отырмыз, қысқа да нақты шолудың өзі-ақ тарихымыздың адырлы да, асқаралы белестерін, қиянат пен қырқыста кейде амалсыз итжығыс түскен өкінішті сәттерімізді әрқашан есте ұстауды біздерге мұра етіп қалдырды. Қаласақта қаламасақта біз осы жолмен тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұларды екшеп айтып, жаңа ұрпақ санасына тәуелсіздікке деген құштарлық пен ұмтылыстың аса қуатты саяси-рухани күш екендігін сіңіріп, және оларға осыны ұғындырып отыру бүгінгі тірлігіміздің басты мұраты болса керек.

      Арғы түріктердің шұғылалы арманы

      Тарих тереңіне бойлай түссең, біздің халқымыздың ежелгі дәуірден-ақ тәуелсіздік үшін күрес рухына әбден суарылып, содан рухани бастау алғанын айқын аңғара түсесіз. Ғылымда прототүріктер делінетін, арғы түріктер, яғни біздердің байырғы бабаларымыз бұл мәселеде де біздерге үлгі бола алар еді. Әсіресе бүкіл Орталық Азиядағы түркі тілдес халықтарды бірнеше ғасыр бойы біріктіріп келген Хұндардың суперэтностық бірлестігінің біздің заманымыздың ІІ-ІІІ ғасырларда күйреуі көктеп өсіп, қалыптасып келе жатқан түркілердің этно-саяси қауымдастығы үшін үлкен соққы болды. Ұзақ уақыт оңтүстіктегі қытайтілдес және шығыстағы тұңғыс-манчжур тілдес тайпалық бірлестіктермен тәуелсіздік жолында жан алысып-жан берісіп, аянбай шайқасқан Хұндарды жаулары, дәлірек айтар болсақ, қытайлық әулеттер әртүрлі айла-амалдармен алғаш екіге бөліп бөлшектеп, ақырында оңтүстік Хұндарын өздеріне қаратып алып, оларды бауырларына, солтүстік Хұндарына қарсы айдап салды. Бұл аз болғандай, қытайлықтардың мұндай арандатуларына әсіресе Сәнби бірлестігіне кіретін түңғыс-манчжур тілдес тайпалар қатты ілесті. Қысымның жойқындығы сондай, б.з. алғашқы ғасырларында-ақ, бүгінгі Монғолия аймағын жайлаған Солтүстік Хұндары батысқа, қазіргі Қазақстан аймағына қарай көптеп ойыса бастады.

      Туған жерді қимай, көшпей қалған 200 мыңдай Хұнның үстіне шығыстан 300 мыңдай манчжур, яғни көне монғол тілінде сөйлейтін тайпалар келіп орнықты. Осылайша, еркіндік сүйгіш ежелгі түркілер мекені болған Монғол үстіртінде әртүрлі этностардың тайпалық бірлестіктері қойындаса тығыз қоныстана бастады. Мұның өзі ежелгі түркілердің бабаларын өздерін-өздері қорғау инстинкті негізінде көптеген жаңа тайпалық бірлестіктер құруға итермеледі. Арман болған арайлы тәуелсіздікке енді ең болмаса тайпалық, немесе тайпалық бірлестіктер негізінде қол жеткізуге болады деген шұғылалы үміт байырғы бабаларымызбен әрқашанда бірге жүрді. Ежелгі қазақ даласын көктеп өткен хұндар шын мәнінде осы, ұлан-ғайыр Еуроазия аймағында көптеген түркітілдес халықтарға (оның ішінде қазақтың түп-тұқиандағы бабалары да бар) бастау болатын жаңа қауымдастықтардың ірге тасын қалауға үлкен үлес қосты.

      Дегенмен де, батысқа өздерінің беделді рулық-тайпалық көсемдеріне жан-тәнімен берілгендер ғана бірге кетті. Негізгі түркітілдес қауым қалың қаймағы бұзылмай, кіндік қаны тамған өз отанында қалып, тәуелсіздік жолындағы жойқын күресті жалғастыра берді. Негізгі қарсыластары – қытайлықтар енді бұларды алғаш Теле деп атаса кейінірек