Сөздік қазіргі арнаулы әдебиет және лексикографиялық басылымдар, коммерциялық құжаттама, мерзімді баспасөз және халықаралық стандарттар негізінде құрастырылған.
Заң саласындағы ағылшын-қазақ тілдеріндегі сөздік көп ұлтты, егеменді Қазақстанның құқық саласы мен практикалық өмірінде тілдік тосқауылды еңсеру мен өзара түсінікті дамытуға өз үлесін қосатыны сөзсіз.
Бұл сөздік заңгерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сот өндірісі органдарына, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары мен студенттеріне, ізденушілеріне арналған.
Aa
ABANDON
1. бас тарту (қарыз талабынан, құқықтан, меншіктен және т.б);
2. келісімнен шығу (айыппұл төлеу арқылы); 3. тастап кету, тастау (жанұяны, әйелін, балаларын, мал- мүлікті).
ABANDONEE
апат кезінде сақтандырылған кеме, жүкке ие болатын сақтандырушы.
ABANDONMENT
өз еркімен бас тарту (талап-арыздан, құқықтан, мүліктен және т.б.).
ABATE
1. азайту, қысқарту, төмендету (бағаны, бажды, салықты); 2. жеңілдік жасау; жою; 3. құрту, болдырмау, тоқтату.
ABATEMENT
1. жою, құрту, болдырмау; 2. жеңілдік, төмендету (бағаны, салықты); 3. жекеменшік, мүлік иесі қайтыс болғаннан кейін, заңды мұрагер құқыққа ие болғанша жылжымайтын мүлікке заңсыз ие; ~ of suit істі тоқтату.
ABATOR
жекеменшік, мүлік иесі қайтыс болғаннан кейін, заңды мұрагер құқыққа ие болғанша жылжымайтын мүлікке заңсыз ие болушы.
ABDICATE
1. бас тарту (тақтан); 2. бас тарту (құқықтан, лауазымнан, мансаптан т.б.), өкілеттікті тастау.
ABEYANCE
1. уақытша тоқтату (заң амалын, құқықты); 2. түсініксіздік, белгісіздік жағдайы; құқық тұрғысынан реттелмеген жағдай; in ~ күші жойылған (заң туралы); иесіз, мұрагерсіз (мүлік туралы).
ABILITY
1. икем, қабілеттілік, зеректік, қолынан іс келушілік, зейінділік;
2. құзыреттілік; ~ to stand trial құқыққа ие болушылық; ~ to pay төлем қабілеттілігі.
ABJURE ант-су ішу; ~ a claim талап, арыздан бас тарту.
ABODE мекенжай; with no fixed ~ тұрақты мекенжайсыз.
ABOLISH ыдырату, болдырмау, жою.
ABOLITION жою, құрту, болдырмау (заңды, келісімшартты, т.б.).
ABRIDGE айыру (бір нәрседен); шектеу (құқықты), қысқарту.
ABRIDGEMENT 1. шектеу (құқықты); 2. қысқаша мазмұндау; ~ of law құқық жиынтығы.
ABROGATE болдырмау (заңды).
ABSCOND жасырыну (сот төрелігінен, әділеттіліктен); ~ сот төрелігінен, әділеттіліктен жасырынушы.
ABSENCE жоқ болу, келмеу (сотқа).
ABSENTEE келмеген, жалтарушы; ~ ballot босату, есептен шығару талоны.
ABSENTEEISM
1. абсентеизм (жиналысқа, сайлауға қатысудан жалтару);
2. жұмысқа себепсіз келмеу.
ABSENTIA in ~ сырттай, жоқ кезде; to be tried in ~ сырттай сотталу.
ABSOLUTE сөзсіз, толық, шектеусіз, абсолюттік; ~ law табиғи құқық.
ABSOLUTION 1. кешірім; 2. сотта ақталу, босату (жазадан, міндеттен, т.б.).
ABSTRACT көшірме; – of record хаттама көшірмесі.
ABUSE 1. дұрыс сөйлеспеу (біреумен); 2. тілі тию, қорлау, арамдау, масқаралау; 3.қиянат ету; judicial ~ сот қиянаты; ~ of process сот процесін заңсыз мақсатқа қолдану.
ABUTTER іргелес жердің, үйдің иесі.
ACCEDE
1. келісу, келісім беру; 2. қосылу, жанасу (келісімге); 3. кіру, ену (лауазымға, мансапқа, құқыққа).
ACCEPT
1. қабылдау (ұсынысты); 2. жіберу, келісу; 3. акцептеу (вексель).
ACCEPTANCE
1. құптау, қабылдау, мақұл көру, қуаттау; 2. акцептеу, акцепт; cоllateral ~ наразылық білдірілген аударым векселі бойынша ризалық; ~ general вексельді ескертпесіз акцептілеу; ~ of performance орындалуын қабылдау (шарт туралы); ~ special (qualified) шарт бойынша вексельді ескертпемен қабылдау.
ACCEPTOR ризалық беруші, акцептант.
ACCESS
1. мүмкіндік, рұқсат, кіру, ену құқығы; 2. сәйкес келу, өту; 3. бірге тұру дерегіне сай жыныстық қатынас болжамы; ~ to councel өз қорғаушыңмен кеңес құқығы; ~ to courts сотта қорғалу құқығы, сотқа жүгіну құқығы.
ACCESSORIAL
қатысы бар (қылмыс жасауға); ~ guilt қылмысқа қатысушының жазықтылығы, айыптылығы.
ACCESSORY
1. акцессорлық (шарт жөнінде); 2. қылмысқа қатысушы; 3. тиістілік, тәнділік; 4. қосымша, үстеме; ~ after the fact қылмыс жасалғандықты (жасырушы, сақтаушы); ~ at the fact қылмыс жасауға қатысушы;
– before