Қолданбалы химия. Роза Рыскалиева. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Роза Рыскалиева
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1880-6
Скачать книгу
жылыту үшін, ыстық сумен қамтамасыз ету үшін өте тиімді. Жазық коллектор болса жеткілікті. Коллекторлардың көптеген түрлері бар, алайда олардың барлығының беті қара, ал оның үстінде әйнектен немесе түссіз пластмассадан тұратын «терезе» бар. Бұл беттік қабат жарық энергиясын сіңіреді де, оны жылу энергиясына айналдырады, ал «терезе» жылудың кеңістікке тарауына жол бермейді. Жылыту үшін ауаны терезе мен қара беттің ортасынан жібереді, ал суды – беттік қабаттың арасымен құбырлармен жібереді. Күн энергиясын жинақтау және оны жылу энергиясына айналдыруға жұмсалатын шығын өте аз.

      4. Күн бұлақтары. Жасанды су қоймалары тұздықтармен (аса тұздалған су) жартылай толған, ал оның үстінде тұщы су бар. Тұзды судың тығыздығы жоғары келеді, сондықтан ол түбінде қалады және жоғарғы қабатпен тіптен араласпайды. Күн сәулелері тұщы су арқылы өтіп, тұзды сумен жылуға айнала сіңіріледі. Жоғарғы қабат төменгі қабаттың салқындауына мүмкіндік бермей оқшаулағыш қызметін атқарады. Тұздың ыстық қабаты құбырлар арқылы бөлмені жылытады.

      Күн энергиясын қайта өңдеудің аталған құрылғыларының барлығының кемшілігі ретінде олардың осындай қуатта жұмыс істейтін ЖЭС салыстырғанда үш есе үлкен аймақты қажет ететіндігін және олардың тұтынушылардан алшақ емес болуын (80 км шамасында) атауға болады.

      Күн энергиясы су айналымын, ауа циркуляциясын және биосфераның органикалық затының жинақталуын қамтамасыз етеді. Күн энергиясының қайта өңделген әртүрлі формаларының барлығы Күннің түсетін сәулесімен толығымен байланысты болады. Бұл энергошикізаттарды пайдаланғанда күн энергиясын жанама қолдану болады.

      БИОЭНЕРГЕТИКА. Биоэнергетика – биомассаны энергия көзі ретінде қолдану. Биомасса – фотосинтез нәтижесінде түзілген кез келген органика болып табылады. Оның энергетикалық пайдаланылуы – отын түрінде тікелей қолданылуы немесе оның әр түрлеріне қайта өңделуі. Мұнда бірнеше әдістері бар.

      1. Тікелей жағу – ағаштарды пеште жағу. Биомассаны пайдаланудың бұл ең қарапайым, алайда экологиялық жағынан ең лас түрі, себебі бұл жағдайда атмосфера ластанады және орман экожүйесі жойылады.

      2. Бензоспиртті алу. Қант қызылшасынан көлік жанармайын алудың кең ауқымды өндірісін бастаған бірінші мемлекет Бразилия болды:

С6Н12О6 (глюкоза) → 2С2Н5ОН + 2СО2

      Алайда бұл отын түрінің де кемшіліктері бар. Біріншіден, алғашқы өнім ретінде тағамдық өнімдер (қант қызылшасы, дәндік дақылдар) қолданылады. Екіншіден, қоршаған ортаның ластануы жүреді. Спирттің жануы – экологиялық тұрғыдан таза үдеріс, алайда оның өндірісі қайта айдауда басқа отындарды (мысалы көмір) көп мөлшерде қолдануы салдарынан «лас» деп есептеледі. Сондықтан спирт өте қымбат өнім болып табылады.

      3. Биогаз алу (биометаногенез). Анаэробты жағдайларда бактериялардың органикалық заттармен қоректенуі биогаздың бөлінуі арқылы жүреді, оның 2/3 бөлігі метаннан СН4 тұрады. Бактериялар биометаногенез