Балет. Алғашқы қадамдар. Камилия Исмаилова. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Камилия Исмаилова
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения:
Год издания: 0
isbn: 9785006701038
Скачать книгу
лектуальной издательской системе Ridero

      Автордан алғысөз

      Балет

      Сұлулықтың өзі!

      Шабыт пен махаббат әлемі!

      Биік өнердің тамырын бас!

      Барынша еніп, бағындыр!

      Кіршіксіз әсемдікті әуелет!

      

      Балет – менің өзім!

      Мен 30 жыл бойы балалармен жұмыс істеп келемін, оларға балет әлеміндегі алғашқы қадамдарын жасауға көмектестім. Осы жылдар ішінде мыңдаған бала білім алды. Көптеген шәкірттерім кәсіби артист, хореограф, педагог болды. Бірақ ең маңыздысы – олар өмірдегі өз жолдарын тапты, жеке тұлға ретінде қалыптасты, бойларына әсемдік пен махаббатты сіңіріп, жұлдыздарын жақты, өз өмірлерін өз қолдарына ала білді.

      Бұл кітап – балет және хореография мектептерінің оқушыларына, олардың ұстаздары мен ата-аналарына арналған. Кітап балеттің дәстүрлері мен этикетін түсінуге көмектеседі, балет залында, сахнада, ұжымда өзін дұрыс ұстау мәнерін үйретеді, қиындықтарды жеңіп, өзін жетілдіруге, алдына қойған мақсатына жетуге және рухани берік болуға тәрбиелейді.

      Бұл кітап не үшін қажет?

      • Балет этикетін білу неге маңызды?

      Балет дегеніміз тұнып тұрған тәртіп пен әсемдік, дәлдік пен шабыт, құрмет пен мәдениет. Болмысына осы қасиеттерді сіңірмейінше, жеке тұлға ретінде қалыптасу мүмкін емес.

      • Балет дәстүрлерін түсіну не үшін қажет?

      Дәстүр – кеше мен бүгіннің арасындағы алтын көпір. Балетке тән ерекше атмосфераны сол дәстүрлер құрады, сөйтіп, оны ғажап және мәңгілік өнерге айналдырады.

      • Балет этикасын ұстану неге маңызды?

      Балет бұл тек сахна ғана емес, балет – сенің өмірің. Сондықтан бойында өзгеге құрмет, сабырлылық бар, өзіне сыни көзбен қарап үйренген биші өмір бойы өзін де, өзгені де құметтеп, сыйлап өтеді.

      Мен осы кітаптың балет әлемін жаңадан ашқан әр оқушының сенімді досы және бағыт-бағдар берер көмекшісіне айналғанын қалаймын. Оқырманға шабыт сыйлап, қолдау көрсетіп, жол сілтесін, ең бастысы, балет өнеріне, мәдениетке деген сүйіспеншілігін оятсын.

      • Осы кітапты қолыңа алған сәттен сен балетке алғашқы қадамыңды жасадың. Дәл сол сәттен сен өзіңді осы ғажап өнердің бір бөлшегімін деп есептесең болады.

      Жолың жарық әрі бақытты болсын!

Балетке және балаларға деген сүйіспеншілікпен,Исмаилова Камилия Рашитовна

      Семей қаласындағы Балет мектебінің негізін қалаушы,

      «Балалар әлемі» Халықаралық мәдени орталығының төрайымы,

      Хореограф-педагог, психолог,

      Білім, мәдениет пен өнерге қосқан үлесі үшін көптеген марапат иегері,

      «Қазақстан халқы бірлігі» Алтын медалінің иегері,

      Татарстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері.

      Кітап кішкентай бишілерге балет әлемінде үйреніп кетуге көмектесетін балет философиясы мен тәртібінен сырт келбетіне дейін, денінің саулығы мен ұжымдық рух сияқты барлық негізгі жақтары қарастырылады.

      1 Бөлім.

      Балет әлеміндегі

      алғашқы қадамдар

      Сәлем, қымбатты Дос! Балеттің ғажайып, сиқырлы әлеміне қош келдің! Әр басқан қадамың әдемі хикаяның бір бөлігіне айналсын.

      Бұлт сияқты қалықтап ұшуды армандап көрдің бе? Немесе су айдынындағы күн сәулесіндей сиқырлы қимылдағың келді ме? Міне, балет дегенің сол сиқырдың өзі. Аяғың шапшаң қимылға, бойың тіктеліп, жүрегің мейірім мен шыдамдылыққа жаттығады.

      Бірақ сен әлі биді бастамас бұрын мен саған ең басты құпияны ашайын. Балет тек әдемі қимылдар ғана емес. Балет, ең алдымен, биік өнер, темірдей тәртіп және ғажап достық. Балет залында сен ерекше ережелермен танысасың, міне сол ережелер сені өнерге баулып, үйретіп, нағыз артист болып қалыптасуыңа көмектеседі.

      Балет әлеміне келген әр оқушы балет оқушысының ант беру рәсімінен өтеді.

      Бұл қандай рәсім?

      Бұл – аса маңызды сәт. Бұл сенің балет деген биік әлемнің бір бөлшегі ретінде оның дәстүрлеріі мен ережелерін қабылдап, ант берген сәтің.

      Балет оқушысының анты:

      Мен балет дәстүрлерін құрметтеуге,

      Ұстазымды тыңдап, барынша тырысуға,

      Тәртіпті, сыпайы және еңбекқор болуға,

      Өмірімді балет өнеріне арнауға,

      Осындай керемет әлемге қуанышпен алғашқы қадамымды жасауға ант етемін!

      І Ереже: Біз сабаққа уақытында келеміз

      Балет сыныбын керемет сарай деп елестетіп көрші! Балет патшалығының сиқырлы есіктері ашылып, залға кірген оқушылардың нағыз ханзада мен ханшалар сияқты салмақты да сымбатты кейпін көреміз. Мұндай салтанатқа кешігу орынсыз.

      Не себепті?

      •